Анықтама қызметі

+7 (727) 395-45-06

+7 (727) 379-41-83

Бірыңғай қалалық Call орталығы

3000-103

АУМАҚТЫҚ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ШЕКАРАЛАРЫ

Емхананың күтуінің аумағы аумақтық телімнің тілігінде

ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ

Сіз дәрігерлер клиникалардың кестесін таба аласыз

ДӘРІГЕР ҚАБЫЛДАУЫНА ЖАЗЫЛУ

Сіздер жалпы тәжірибелік дәрігеріне онлайн арқылы жазыла аласыздар

РЕЦЕПТКЕ ТАПСЫРЫС БЕРУ

Сіз өтінім рецепт нұсқасы

ДӘРІГЕРДІ ҮЙГЕ ШАҚЫРУ

Дәрігерді үйге шақыру жүйесі арқылы электрондық үкімет Egov.kz

Толығырақ: Толығырақ: Жазылу Толығырақ: Толығырақ:

Егер сізге тісіңізді заманауи сапалы және кәсіби емдеу қажет болса ШЖҚ  "№3 Қалалық емхана" МККсіздерді қуанышпен күтеді.

Біз емделушілерімізге келесі  стомотологиялық қызметтерді көрсетеміз:

  • Тіс жегісін және күрделі формасын емдеу;
  • Тіс қабатын ультрадыбыстық тазалау  (Пьезон аппаратымен)
  • Ағарту;
  • Қаптау;
  • Фторлау;
  • Жұлу.

Терапиялық стомотология -  стомотологиялық қызметтің басым бағыттарының бірі. Емхана дәрігерлері берілген мәселемен күресу және тіс түсуін болдырмау үшін емдеудің тиімді әдістерін қолданады.

Тісжегісін және  асқынған түрлерін емдеу,сонымен қатар ауыз қуысының аурулары кезінде дәрігерлер ең жоғарғы технологияларды, сапалы материалдарды, заманауи құралдармен қондырғыларды қолданады.

Стомотологиялық  тексерулер, аурудың алдын алу

Тексеріс тіс емдеудің маңызды этаптарының бірі болып табылды.  Кәсіби стомотолог-дәрігер емделушінің бірінші бақылаудан өту кезінде -ақ стомотологиялық мәселелерді байқап тісжегісінің алдын алады.

Ересек адамдарда бір-бірімен  байланысты мәселелер кешені жиі бақыланады: қанау, тіс қозғалуы, тіс түсуі, дұрыс тамақтанбау, қызылиектің қабынуы.

Тіс жегісін және оның асқынуын емдеу.

Кіршіксіз күлкі және сау тістер - көптеген адамдардардың арманы, сау тістердің болуы адам ағзасының саулығының көрінісі.

Әрине, біздің барлығымыздың тістеріміз табиғатынан аппақ әрі түзу болмайды.

Тістің саулығы үнемі ауыз қуысының гигиена тазалығын қажет етеді. Біз көп жағдайда тісіңізді және санды ағарту – тазартудың әртүрлі тәсілін қолданамыз. Ал ең қиын жағдайда имплантацияға жүгінеміз.

  • Тіс ауруларының кең тараған түрлері ауыз қуысының жеткіліксіз тазартылуы, жағымсыз қылықтар жасау, салауатты өмір салтын ұстанбау, сапасыз әрі тұрақсыз тамақтану, стресс, дұрыс ұйықтамау болып табылады.

 

Тіс жегісі дегеніміз не?

 

Біздің ғаламшарымызда халықтың 95 – 98 пайызы тіс жегісі мәселесінен зардап шегеді. Біздің елімізде әрбір тұрғынның тіс жегісі қандай кезеңде екендігі тексеріліп отырады. Әсіресе, бұл ауру ересектерде, балаларда да жиі кездеседі.

Тіс жегісі әсерінен тіс ұлпасының деминерализациясы пайда болады. Тіс жегісі әдеттегі тістер ғана емес сүтті тістерді де зақымдайды. Тіс жегісін емдеу жалпы алғашқы сатыларында әсерлі.

 

Ауру кезеңдері

Тіс жегісінің таралу кезеңіне байланысты 4 кезеңге бөлінеді:

  • Бастапқы тіс жегі, кариозды дақ түрінде пайда болады.
  • Жоғары тіс жегі – эмаль жамылғысының ерте бұзылуынан кішігірім ақау ретінде көрінеді.
  • Ортаңғы тіс жегі – жоғарғы және мықты тіс ұлпасының бұзылуымен сипатталады, периодты ауру сезімін туғызады.
  • Терең тіс жегі – ұлпалардың терең қабаттарының бұзылуы болып табылады. Терең тіс жегісін емдеуге аса маңызды көңіл бөлу керек.

 

Тіс жегісін қалай емдейді?

 

Тіс жегісі кезінде әртүрлі тіс аурулары пайда болады. Олар тәтті тағамдарды немесе қышқылдарды пайдаланғанда үздікті түрде көрініс табады.

Тіс жегісін емдеудің негізі – бұзылған тістің аумағын тазарту және тістің бос қуыстарын пломб материалдарымен толтыру.  

 

Тістегі болуы мүмкін асқынулар

Тістің асқынуын болдырмай тұрып, оның алдын алу өте маңызды. Бұл  жағдайда жүйке – қан тамырларының ісінуі мүмкін. Ондай кезде тісжегінің әсерлі аймағын тазартып, орнына пломба салу қажет. Мұндай қатты асқыну кезінде – периодонтиттің пайда болуынаалып келеді. Периодонтиттің асқынуы – тіске жақын ұлпалардың әрі қызылиектің ауруына әсер етеді.

 

Тісті фторлау – тіс жегіден сенімді қорғаныс 

     Кез – келген адам тісінің сау әрі әдемі болғанын қалайды. Қазіргі таңда адамдар тазартылған тағамдарды пайдаланады, сондықтан тіске қажетті жүктеме түспейді. Адамның ауыз қуысы әрқашан бактериялар саны көп.

     Адамның сау тісі нағыз тірі ағза болып табылады. Онда үнемі әртүрлі прцестер жүреді. Соның ішінде ең маңыздысы минералды алмасу процесі. Кальций, фосфар, және магний тістің ұлпаларын құрап, беріктігін қаматамасыз етеді. Ал, минералдар жоғалса, өзгерістер пайда болады. Соның әсерінен тістің эмалі босап, тығыздылығын жоғалтады.

     Деминерализация қауіптілігі жасөспірім шақта және жүктілік кезеңінде көбейе түседі. Тісті тазалайтын емшаралар жүргізу кезінде де байқалады. Минералды балансты қалпына келтіру үшін ремтерапия жүргізіледі.

     Реминерализациялау емі – тіс ұлпасының жоғарғы қабатына минералды компоненттердің түсуі есебінен тіс жегінің минералдық құрамын қалпына келтіру жолының жергілікті алдын алу.

     Емшара  лакпен және құрамында кальций, фторид, және фосфат бар ерітіндіні қолдану және аппликацияның көмегі арқылы жүзеге асырылады. Осының арқасында тістің беріктігі жоғарылап, бактериялық зат алмасу азаяды.

     Тісті фторлау әртүрлі тіс ауруларынан құтылуға көмектесетін, тіс эмалін бекітуге қолжетімді, сапалы және заманауи әдіс. Тіс сезімталдылығы тіс эмалінде жарықшақтар пайда бола бастағаннан белгілі. Бұл жарықшақ контрас температурасы кезінде ауыртып қана қоймай, сонымен қатар тіс жегінің асқыну себебіне де алып келеді. Фторлау арқылы тіс эмалін бекіту бірнеше мәселелерден құтқарады.

     Біздің емханамызда тісті фторлау көп уақытты қажет етпейді. Осы емшараға  сапалық сертификаты бар дәрі – дәрмектермен арнайы тәжірибеде тексерілген  материалдар таңдалып ұсынылған. Біз сіздердің сау және әдемі күлкілеріңізді сақтау үшін барлық жағдайды жасаймыз.

     Емшара бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен тістерді тазалаудан, тіс аралығындағы дақтарды және тіс тастарынан бастап, емдеуді жалғастырады.

      Тіс ауруларының алдын алу мақсатында кешенді фторлау жүйесін жылына 1 – 2 рет жүргізу ұсынылады.

 

Тіс қабатын ультрадыбыстық түсіру  (Пьезон аппаратымен)

 

      Өкінішке орай, өз тісінің жағдайына мұқият қарайтын адамның өзі тістегі қақтың және тіс тасының жиналуынан сақтандырылмаған. Статистика бойынша ересек адамдардың 80 пайызы тіс ауруынан зардап шегеді.

     Ауыз қысын тазартуда қиын қол жететін жерлерін қарапайым тіс щеткасы кетіре алмайды. Профилактикалық тіс тазалау емшарасын жылына 2 рет жүргізіп тұру керек, сонда ғана тіс жегісі және тісіңіз сау болады.

 

Тісті қаптау

Әдем аппақ қардай күлкі мықты денсаулықтың ғана белгісі емес, сонымен қатар мәдениетті элементті, жетістікке жетудің символы болып табылады. Назар аудартып таңғалдырады және жағымды әсер береді. Қазіргі заманауи стамотология кіршіксіз күлкінің иесі болуға мүмкіндік береді. 

Тісті қаптау – тістің жоғарғы алдыңғы бөлігін пішінін немесе түсін өзгерту мақсатында жасанды материалдармен қаптау процедурасын жүргізу болып табылады. Тістің көріністі бөлігі тартымды және көрікті болады. Қаптаудың басты айырмашылығы қазіргі қарбалас қоғамда қажетті зор жетістікке жылдам қол жеткізеді. Кіршіксіз күлкіге қол жеткізген адамның өмірі жақсы жағына қарай ауысады.

         Тісті қаптау келесі мәселелердің тиімді шешімі болып табылады:

  • Эмалдің жарылуы, бұзылуы қазіргі уақытта тісті қаптау - тек эстетикалық кемшіліктерді ғана толтырмай әрі тісті жағымсыз сыртқы ортаның әсерлерінен де қорғайды.
  • Тістің пішіні мен түсінің өзгеруі – тістің қаптау ламинаты көмегімен тістің қалпына келтірілген тіпті одан да артығырақ жарқын түске қол жеткізу мүмкіндігі.
  • Тісті қаптау – тіс аралығын тегістеп, біркелкілігін қамтамасыз етеді. Егер емделушінің тісқатарлары дұрыс орналаспаған болса, оны қаптау арқылы емдейді.

 

Стоматологтің кабинеті емхананың төртінші қабатында орналасқан.

Жұмыс кестесі: дс.-жм. 08.00-20.00

Қосымша ақпараттар алу үшін емхананың менеджеріне жолығыңыздар, тел: 87023785516.