Алматы қаласы
Розыбакиева көшесі 74-үй

Жедел желісі

+7 (727) 395-45-00

Бірыңғай қалалық Call орталығы

3000-103

Анықтама қызметі

+7 (727) 395-45-06

+7 (727) 379-41-83

АУМАҚТЫҚ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ШЕКАРАЛАРЫ

Емхананың күтуінің аумағы аумақтық телімнің тілігінде

ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ

Сіз дәрігерлер клиникалардың кестесін таба аласыз

ДӘРІГЕР ҚАБЫЛДАУЫНА ЖАЗЫЛУ

Сіздер жалпы тәжірибелік дәрігеріне онлайн арқылы жазыла аласыздар

РЕЦЕПТКЕ ТАПСЫРЫС БЕРУ

Сіз өтінім рецепт нұсқасы

ДӘРІГЕРДІ ҮЙГЕ ШАҚЫРУ

Дәрігерді үйге шақыру жүйесі арқылы электрондық үкімет Egov.kz

Толығырақ: Толығырақ: Жазылу Толығырақ: Толығырақ:

Бірнеше жыл бұрын физиотерапевтік емшаралар өз денсаулығына шағымданбаған адамдарды айтпағанда, тіпті патологиясы бар адамдардың арасында қатты сұранысқа ие болмайтын. Бүгінде мамандарға тұзды үңгірлерді емдік және профилактикалық бөлме тұрғысынан неғұрлым жан-жақты зерттеуге тура келді.

Экологиялық жағдайдың нашарлауы, замануи адамның өмір сүру салты мен режимінің өзгеруі – ересектер мен балалар арасында денсаулықтың жалпы көрсеткіштерінің төмендеуіне әкелетін факторлар болып табылады. Соңғы кездері тіпті тағам құрамының химиялық құрамы өзгерген, яғни бұл көптеген көрсеткіштер бойынша деффициттік жағдайлардың дамуына әкеліп соғады. Зерттеулер нәтижелері бойынша тұзды үңгірлерге бару барлық осы проблемалармен күресуге ықпалын тигізеді.

Тұзды үңгір немесе галокамера – арнайы үлгімен жабдықталған жекелеген бейінді бөлме болып табылады. Ондағы барлық беткі қабаттары тұзды кесектермен қойылған, ол бөлмеде адам үшін барынша жағымды ылғалдылық, қысым және температура деңгейін ұстайды. Тұзды бөлмедегі атмосфераның иондық құрамы ерекші назарға ие. Мұқият іріктелген химиялық элементтердің жиынтығы адамның жұмысқа қабілеттілігін арттырады және бактериялар мен патогендік микроағзалардың өмірсүрушілік мүмкіндігін жояды.

Тұз үңгіріндегі емшара курсы нәтижелігі жағынан ұзақ уақыт бойы теңіз курортында болғанмен теңеледі. Денсаулық жағдайының жағымды өзгерістері сауықтыру сеанстары басталғаннан кейін бірнеше күннен кейін байқалады. Бұл тіндердің пайдалы заттармен белсенді түрде қанығуымен, зат алмасу үрдісінің жиілеуімен және ағзадан токсиндік бірігулердің шығарылумен түсіндіріледі.

Тұзды үңгірдің ағзаға әсер ету механизмі

Тұзды үңгірдің адамға терапевтік әсері бұрынғы заманда белгілі болған. Адамдар осындай табиғи жолмен жасалған бөлмелерге суық тию және басқа да ауырулардан айығу үшін мақсатты түрде келген. Заманауи галокамералардың жұмыс істеу ұстанымдары біршама өзгерген. Ол қазір жетілдірілген, яғни ол емделу нәтижелігінің артуына ықпал етті.

Емшара барысындағы жағымды нәтижелер аэрозоль түріндегі тұзы ерітіндінің әсер ету механизміне негізделеді. Масса үңгірде табиғи жолмен шашылады, ал оның бөлшектері атмосферада қалқып жүреді. Өнім құрамы әртүрлі болуы мүмкін, ол тұзды бөлменің бетін қалыптастыру кезінде тұздың қандай түрін пайдаланғанына байланысты.

Шашыратылған құрам бөлшектерінің өлшемі өте ұсақ, соның арқасында ешқандай қиындықсыз адамның тыныс алу жолдарына ене алады. Олар жергілікті әсер ете отырып, тыныс алу органдарының жекелеген бөліктерінде шөгуі немесе барлық дене бойынша жайыла отырып, қанға өтуі мүмкін.Егер бұрын тұзды үңгір көбінесе тыныс алу органдарының ауырулары бар адамдарға ұысынылатын болса, бүгінде манипуляция жүргізуге көрсетілім тізімі айтарлықтай кеңейген. Тіпті тұзды бөлмеге бір рет келудің өзі адамның денсаулық жағдайына жағымды әсер қадырады, бірақ барынша толық нәтижені емшараның толық курсын өткенде ғана көруге болады. Қоршаған ортаның жаңа факторларының әсерінен ағзаның ішкі үрдістері жаңа жағдайларға үйреніп, бейімделе бастайды. Бұл құбылыс органдар мен жүйелердің қызметін арттырып, химиялық және зат алмасу үрдістерінің қалыпқа келуіне жағдай туғызады.

Тұзды үңгірдің денсаулыққа деген пайдасы

Тұзды үңгірге бару науқас адамдарға ғана емес, сондай-ақ дені сау адамдарға да көрсетілген. Ұйымдастыру ережесін сақтаған жағдайда сеанстар адамға айтарлықтай жағымды әсерлер қалдырады. Дегенмен де, тұзды бөлмеде болудың айтарлықтай неғұрлым жақсы нәтижелер беретін бірнеше жағдайлары бар:

  • Тыныс алу жолдарының ауырулары. Физиотерапия созылмалы бронхит кезінде жағдайды біршама жеңілдетеді, демікпенің даму мүмкіндігін азайтады, патологияның даму үрдісін тоқтады. Тері ауырулары. Емдік атмосфера экзема, фурункулез және басқа да дерматиттер кезінде терінің жазылу үрдісін жылдамдатады.
  • Гипертония, жүрек ауырулары. Тұз булары жағдайды жеңілдетіп және шұғыл жағдайлардың болу мүмкіндігін азайтады.
  • Жүйке ауырулары. Тұзды бөлмеге тұрақты келу күйгелектік пен ұйқысыздықтан арылтады.
  • Қалқанша безі жұмысының бұзылуы. Галокамерадағы бірнеше курс ағзадағы кейбір бұзушылықтарды реттейді.

Тұзды бөлменің бала ағзасына пайдасы

Баламен тұзды бөлмеге бармас бұрын педиатрдың рұқсатын алу қажет. Кейбір жағдайларда емдік бөлмеге барудан бас тартуға немесе біраз уақыт күте тұруға тура келеді. Балаларға мұндай емшаралар профилактика ретінде ұсынылады. Оларды балада көрсеткіштердің бірі болған жағдайда тағайындайды.

Тыныс алу жолдарының ауыруларын емдеу, олардан кейінгі асқынулардың алдын-алу. Тұзды бөлмедегі ауа тыныс алу үрдісінің реттеуге ықпал етеді, өкпенің көлемін ұлғайтады, газалмасу сапасын арттырады. Бұл бірнеше ауырулардан тезірек айығуға, емдеуден болатын жағымсыз әсерлердің дамуының алдын-алады, өкпені шырышан тазалауға және аллергия дамуының қаупін азайтуға көмектеседі.

  • Тым жүйке қозғыштығы. Тұз булары балаларды тыныштандырады, олардың ұйқысын бірқалыптандырады және қыңырлығын басады.
  • Жүрек және қан-тамырларының ауырулары, гипотония және гипертония.
  • Кейбір ЛОР-ауырулар: тонзиит, аденоидтар, ринит, гайморит, фарингит.
  • ОЖЖ жұмысындағы бұзушылықтар, соның ішінде туылған кездегі жарақаттар.
  • Гормондық фондағы патологиялық өзгерістер, ішкі бездер қызметінің бұзылуы.
  • Қант диабеті
  • Тері аурулары
  • Иммунитеттің төмендеуі.

Емхананың тұзды шахтасының жұмыс режимі:

Дүйсенбіден жұмаға дейін сағ 9:00 ден 16:00 дейін