11-17 наурыз аралығында бүкіл әлемде «Дүниежүзілік глаукомаға қарсы күрес апталығы» атап өтіледі. Бұл күн 2008 жылдан бастап Дүниежүзілік глаукома қоғамдары қауымдастығы — WGA және Дүниежүзілік глаукома пациенттер қауымдастығы — WGPA бастамасымен атап өті
11-17 наурыз аралығында бүкіл әлемде «Дүниежүзілік глаукомаға қарсы күрес апталығы» атап өтіледі. Бұл күн 2008 жылдан бастап Дүниежүзілік глаукома қоғамдары қауымдастығы — WGA және Дүниежүзілік глаукома пациенттер қауымдастығы — WGPA бастамасымен атап өтіле бастады.
Глаукома – бұл көзішілік қысымның жоғарылауымен сипатталатын көз ауруы.
Аурудың басталуы асимптоматикалық болып табылады, бірақ егер бұл ауруды емдеу жүргізілмесе, онда көру өрісі біртіндеп тарылады – пациент бүйірде орналасқан заттарды байқамайды.
Емдеудің одан әрі болмауы көру қабілетінің төмендеуіне әкеледі. Сонымен қатар, уақыт өте келе, соқырлыққа дейін орталық көру қабілетінің жоғалуы мүмкін. Өкінішке орай, глаукома салдарынан жоғалған көру қайтадан қалпына келмейді.
Глаукоманың себептері
- 1. жасы 40 асқан
- 2. жақын туыстарында глаукоманың болуы
- 3. жүрек-қантамыр жүйесімен қатар жүретін ауруларының болуы (гипертония, жүректің ишемиялық ауруы)
- 4. миопия
- 5. қант диабеті
- 6. орталық жүйке жүйесінің аурулары
- 7. стероидты гормондарды ұзақ уақыт қолдану
Дүниежүзілік глаукомаға қарсы күрес апталығының негізгі міндеттерінің бірі – халықтың проблема туралы хабардарлығын арттыру, өйткені аурудың таралуына қарамастан, халықтың аз ғана бөлігі аурудың симптоматикасымен таныс және уақытында медициналық көмекке жүгінеді.
Глаукомның пайда болуының алдын алу және жақсы көру қабілетін сақтау үшін салауатты өмір салтын ұстану қажет:
- — жеткілікті дене белсенділігі, таңертеңгі жаттығулар және таза ауада серуендеу қажет;
- — дұрыс тамақтану, күн тәртібі мен диетаны сақтау;
- — тұз бен сұйықтықты шектейтін сүт – өсімдік тағамдарына артықшылық беріледі;
- — жаңа піскен көкөністер, шөптер мен жемістер, майсыз ет, майсыз балық, жаңадан дайындалған тағамдар – глаукоманың алдын алуға арналған тамаша мәзір;
- — диетадан тұзды, ащы және майлы тағамдар, қуырылған және ысталған ет өнімдері, экстрактивті заттар және т.б. алынып тасталады.
- — қою шай, кофе және құрамында кофеин бар басқа сусындарды асыра пайдаланбаңыз;
- — көру жүйкесінің талшықтарына уытты әсер ететін темекі шегуден және алкогольді тұтынудан бас тарту;
- — күннің ұтымды режимін сақтау.
Сонымен қатар, аурудың алдын алу үшін ұзақ уақыт қараңғы жерде болу ұсынылмайды, ал бөлмені қосымша жарық көзімен жарықтандыру кезінде теледидарды қарау керек;
- — жұмыс орнының жақсы жарықтандырылуын бақылау қажет;
- — ұзақ уақыт тікелей күн сәулесінде болмауы керек және күндізгі уақытта күн сәулесінде уақыт өткізбеуі керек;
- — қан қысымын бақылау;
- — уақытылы профилактикалық медициналық тексеруден өту.
Есіңізде болсын – глаукоманың салдарын емдеудің маңызды факторы оны ерте анықтау болып табылады!