г. Алматы, ул. Розымбакиева, 74
Версия для слабовидящих

Жедел желісі

+7 (727) 395-45-00

Бірыңғай қалалық Call орталығы

3000-103

Анықтама қызметі

+7 (727) 395-45-06

+7 (727) 379-41-83

БМСК функционалдық бөлімшесі, есеп беру және ұйымдардағы статистикалық есеп беру үшін жауапты медициналық статистика бөлімі жұмыс жасайды.

Толығырақ...

Профилактика және психо-әлеуметтік көмек бөлімшесінің жұмысы үш негізгі бағыт бойынша жүргізіледі: бұл скринингтік тексерулер жүргізу; психо-әлеуметтік қызметтің жұмысы; салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жұмыс.

Бекітілген кестеге сәйкес қанайналым жүйесінің ауруларын, қант диабетінің, глаукома және онкопатологияны ерте анықтау мақсатында белгілі жас мөлшеріндегі тіркелген тұрғындар бөлімшеде скринингтік тексеруден өтеді.

Психо-әлеуметтік қызмет психологтармен және әлеуметтік қызметкерлермен ұсынылады, онда психологтар оңалту мен қоғамға бейімдеу мақсатында емделушілерге психологиялық түзету және психопрофилактикалық көмек көрсетеді, адамның өзіне өзі, өз күшіне сену мүмкіндігіне қол жеткізуге, қиын жағдайлардан шығу жолдарын көрету бойынша көмек көрсетеді, ал әлеуметтік қызметкерлер жағдайларға кешенді бағалау жүргізуге, одан әрі әлеуметтік-психологиялық жұмыс жоспарын құра отырып, емделушілерді әлеуметтік қолдау мәселелерін шешуге қатысады.

Бөлімшеде сондай-ақ негізге тапсырмасы өскелең ұрпақ пен қарт адамдарды салауатты өмір салтын қалыптастыруға тарту болып табылатын, СӨС дәрігері жұмыс жасайды.

Тұрғындарды салауатты өмір салтының дағдыларын үйрету, аурулардың алдын-алу және аурулардың туындау қатерін жеңе білу бойынша емделушілерде мақсатты қабілеттердің қалыптасуын насихаттау, өздерінің денсаулығына қатысты мәселелерде олардың құзіреттілігін арттыру, сондай-ақ өз өмірі мен оның айналасындағы жағдайларды өз бетінше өзгерту дағдыларына үйрету мақсатында, емханада келесі денсаулық мектептері жұмыс істейді:

  • Артериалдық қысым;
  • Қант диабеті;
  • Бронхтық демікпе;
  • Қарт адамдардың
  • Өзін-өзі ұстау факторлары;
  • Отбасын жоспарлау;
  • Болашақ аналар мектебі;

Профилактика және әлеуметтік – психологиялық көмек бөлімшесі емхананың бірінші қабатында орналасқан.

View the embedded image gallery online at:
http://gorp3.kz/bonus-page/departments#sigProId35cd0ca2d1

Жаманкина Галия Кабдоловна

Бөлімшенің жұмысын жоғарғы білікті дәрігер Жаманкина Галия Кабдоловна басқарады

Толығырақ...