Алматы қаласы
Розыбакиева көшесі 74-үй

Жедел желісі

+7 (727) 395-45-00

Бірыңғай қалалық Call орталығы

3000-103

Анықтама қызметі

+7 (727) 395-45-06

+7 (727) 379-41-83

Әдеп кодексі

1. Жалпы ережелер

1.1. Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№3 Қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының (әрі қарай мәтін бойынша – Кәсіпорын) әдеп кодексі (әрі қарай – Кодекс) Кәсіпорында қызметтік міндеттерін атқару кезінде медициналық қызметкердің басшылыққа алуға ұсынылған әдеп нормалары мен мінез-құлық ережелерінің жинағы болып табылады.

1.2.Кодекс Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне, Кәсіпорын Жарғысына және Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарындағы еңбек қатынастарын реттейтін басқа да нормативтік құқықтық құжаттарға сәйкес әзірленген және де медицина қызметкерлерінің азаматтар мен жалпы қоғам алдындағы өз қызметі үшін моральдік жауапкершілігін анықтайды.

1.3. Кодекс Кәсіпорынның ішкі нормативтік құжаттарының мәртебесіне ие және міндетті түрде қолдану сипаттамасына сай.

1.4. Осы Кодекспен белгіленген талаптарды бұзу ішкі тәртіпті дөрекі түрде бұзу ретінде қарастырылады және бұл бұзушылыққа жол берген қызметкердің оның кадрлар Кеңесі отырысында қаралуы мен кадрлар жөніндегі кеңес шешімі бойынша тәртіптік жаза қолданылуына негіз болып табылады.

1.5. Осы Кодекстің орындалуын бақылау міндеті кадрлар Кеңесіне жүктеледі.


2. Медицина қызметкері және қоғам

2.1. Медицина қызметкерінің кәсіптік қызметінің негізгі мақсаты — адам өмірін сақтау, сырқаттардың алдын алу және денсаулығын қалпына келтіру, сонымен қатар емделмейтін сырқаттар кезіндегі бейнетін жеңілдету. Медициналық қызметкер өз міндеттерін Гиппократ антын, адамгершілік және мейірімділік ұстанымдарын басшылыққа ала отырып атқарады.

2.2. Медициналық қызметкер өзінің шешімдері мен әрекеттері үшін толық жауапты, бұл үшін жүйелі кәсіби түрде жетіліп отыруға міндетті.

2.3. Өзінің қызметінде медициналық қызметкер оған белгілі және қолдануға рұқсат етілген медициналық ғылымның соңғы жетістіктерін пайдалануы тиіс.

2.4.Материалдық, жеке пайда мотивтері медицина қызметкерінің кәсіби шешім қабылдауға әсер етпеуі керек.

2.5. Медициналық қызметкер дәрілік препараттарды өндіруші және таратушы фирмалардан олардың ұсынған дәрілерін тағайындағаны үшін сыйлық алмауы керек.

2.6. Медициналық қызметкер дәрі тағайындаған кезде медициналық көрсеткіштер мен науқастың қажеттіліктерін басшылыққа алуы керек.

2.7. Медициналық қызметкер жасы, жынысы, нәсілі, ұлты, діни көзқарасы, әлеуметтік жағдайы, саяси көзқарасы, азаматтығы мен басқа да медицинаға қатысы жоқ факторларға, оның ішінде материалдық жағдайына қарамастан кез келген адамға медициналық көмек көрсетуі керек.

2.8. Медициналық қызметкер өзі қызмет ететін мекемеге қатысты өзіне тапсырылған міндеттерді адал атқару керек.

2.9. Студенттер мен жас мамандарды оқытатын медициналық қызметкерлер өзінің іс-әрекетімен және өзінің міндеттерін орындауына деген қарым-қатынасымен лайықты еліктеу үлгісі болуы керек.

2.10. Медициналық қызметкер өзіне қолжетімді құралдармен (газет, журнал, радио, теледидар, әңгімелесу және т.б.) салауатты өмір салтын насихаттап, қоғамдық және кәсіптік әдеп нормаларын сақтау үлгісін көрсетуі керек.

2.11. Медициналық қызметкер кәсіптік қызметімен қоса атқаруға келетін, медициналық қызметкердің намысын төмендетпейтін және емделушілер мен оның кәсіптік қызметіне нұқсан келтірмейтін өзге де қызмет түрлерімен айналыса алады.

2.12. Медициналық қызметкердің жеке тәжірибе құқығы заңмен реттеледі.

2.13. Дәрігер қызмет ететін адамгершілік мақсаттары жеке моральдік-әдеп ұстанымдары мен принциптері, жеке намысының заңмен қорғалуына, кәсіби қызметін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау, материалдық қамтамасыз етуді талап етуге негіз береді.

2.14. Наразылықтың ұйымдасқан түрлеріне қатыса отырып, медициналық қызметкер оның бақылауындағы емделушілерді қажетті медициналық көмекпен қамтамасыз ету міндетінен босатылмайды.

2.15. Медициналық әдептің сақталуын бақылауды медициналық қызметкердің тікелей басшылары жүзеге асырады.


3. Медициналық қызметкер мен емделуші

3.1. Медициналық қызметкер көрсетілетін медициналық көмектің сапасына жауап береді. Өз жұмысында Қазақстан Республикасының заңдарын, қолданыстағы нормативтік құжаттарды (медициналық стандарттарды) басшылыққа алуы керек, алайда осы жарлықтар аясында, сырқаттың ерекшелігін ескере отырып, науқастың қажеттіліктерін басшылыққа алып, әрбір жеке жағдайда тиімдірегі деп шешкен профилактика, диагностика мен емдеудің әдістерін таңдауға міндетті. Қажет болған жағдайда медицина қызметкері әріптестерінің көмегін пайдалануға міндетті.

3.2. Медициналық қызметкер онымен көрсетілетін медициналық көмек ең жоғары дәрежеде болуы үшін бар күшін жұмсауға міндетті.

3.3. Медициналық қызметкер емделушіні жөнсіз қауіпке душар етпеуі керек, әсіресе өзінің білімін ізгіліксіз мақсатта пайдаланбауы керек. Емдеудің кез келген әдісін таңдаған кезде медициналық қызметкер ең алдымен «Зиян келтірме!» уағызын басшылыққа алуы керек.

3.4. Медициналық қызметкер емделушінің емдейтін дәрігерді, мекемені таңдау, емдеу-профилактикалық шараларды өткізу туралы шешімдерді қабылдауға қатысу құқығын құрметтеуі керек. Емделішінің емдеуге өз еркімен келісуін медициналық қызметкер әдетте науқаспен сөйлесу кезінде жазбаша түрде алады. Бұл келісім саналы түрде қабылдануы керек, науқасты емдеу әдістері, оларды қолдану салдары, әсіресе болуы мүмкін асқынулар, емдеудің басқа да ұқсас әдістері туралы міндетті түрде хабардар ету керек.Емделушінің келісімінсіз емдеу-диагностикалық шараларды жүргізу оның өмірі мен денсаулығына қауіп төнген кезде және оның жағдайды адекватты түрде бағалай алмауы кезінде жүргізіледі.Мұндай жағдайларда шешімді алқалы түрде қабылдаған дұрыс.Психикалық сырқаттары бар тұлғаларды емдегенде медициналық қызметкер психиатриялық көмек көрсету мен оны көрсету кезіндегі азаматтардың құқықтары туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алуы керек.Баланы емдеген кезде медициналық қызметкер оның ата-анасы немесе қамқоршыларына толық ақпарат беруге және қандай да болмасын емдеу әдісі немесе дәрілік құралды қолдануға келісімін алуға міндетті.

3.5. Медициналық қызметкер емделушінің ар-намысын құрметтеуге, оған мейірімділікпен қарауға, жеке құпиясына деген құқығын құрметтеуге, науқастың күйіне қатысты туыстары мен жақындарының қамқорлығын түсінушіліпен қабылдауға міндетті, бірақ бұнымен қоса жеткіліксіз кәсіптік себептерсіз науқас пен оның отбасы мүшелерінің жеке шаруаларына кірісуіне болмайды.

3.6. Медициналық қызметкер емделушіге өзінің философиялық, діни және саяси көзқарастарын міндетеуге құқы жоқ. Дәрігердің жеке теріс түсініктері мен өзге де кәсіптік емес мотивтері диагностика мен емдеуге әсер етпеуі керек.

3.7. Егер емделуші өзінің келісімін саналы түрде білдіре алмаса, оны заңды өкілі немесе емделуші үнемі күтетін қамқоршы тұлға білдіруі керек.

3.8. Емделуші өзінің денсаулық жағдайы туралы толық ақпарат алуға құқылы, алайда ол одан бас тартуы немесе оның денсаулық жағдайы туралы хабарлауға болатын тұлғаны көрсетуге құқылы.

Ақпаратты емделушіден оған қатты зиян келтіруі мүмкін деген негіз бар жағдайларда жасырады.Алайда емделушінің анық айтылған талабы бойынша медицина қызметкері толық ақпарат беруге міндетті.Жағымсыз болжам жағдайында емделушіні мейлінше еппен, өмірінің ұзақтығына, мүмкін болатын жағымды жағдайларға деген сеніммен ақпараттандыру қажет.

3.9. Емделушінің қалауы бойынша медициналық қызметкер басқа медициналық қызметкермен кеңесу құқығына бөгет болмауы керек.

3.10. Медициналық қызметкер келесі жағдайларда басқа медициналық қызметкерге тапсыра отырып, емделушімен жұмыс жасаудан бас тартуы мүмкін:

— лайықты көмек көрсету үшін өзін жеткіліксіз білікті емес екенін сезінсе, қажетті техникалық мүмкіндіктері болмаса;

— медициналық көмектің бұл түрі дәрігердің ар-намыс принциптеріне қарама-қайшы болса;

— дәрігер емделушімен терапиялық қызметтестік орната алмаса.

3.11. Медициналық қызметкердің емделушімен сөйлесу кезінде өзін жарнамалауына жол берілмейді

3.12. Емдеу кезінде қате жіберілсе немесе болжанбаған асқынулар болса медициналық қызметкер емделушіні, тікелей басшысын хабардар етіп, зиянды салдарларды түзетуге бағытталған әрекеттерге көшуі керек.


3.13. Кәсіптік міндеттерді медициналық қызметкер жалған есім мен ресми тағайындалған титулдарды, дәреже мен атақтарды пайдаланбай, тек өзінің тегі арқылы ғана жүзеге асыруы керек.

Медициналық қызметкерлердің алғалылығы

4.1. Медициналық қызметкер өмір бойы кәсібилікке үйреткен тұлғаға құрмет пен алғыс болу сезімін сақтауы керек.

4.2. Медициналық қызметкер медициналық қауымдастықтың абыройы мен дәстүрлерін қорғауы керек. Медициналық қызметкерлер бір-біріне құрметпен, ізеттілікпен қатынасуы керек.

4.3. Медициналық қызметкер көпшілік алдында басқа медициналық қызметкердің кәсіптік білігіне күмәндануына немесе қандай да бір жолмен беделін түсіруге құқығы жоқ.

4.4.Қиын клиникалық жағдайларда тәжірибелі медициналық қызметкерлер тәжірибесі аздау медициналық қызметкерлерге көмек көрсетуі және кеңес берулері керек. Бірақ емдеу процесі кезінде толық жауапкершілікті емдеуші дәрігер алады, олар науқастың қажеттіліктерін басшылыққа ала отырып, әріптестерінің кеңестерін қабылдауға немесе бас тартуға құқылы.

4.5.Денсаулық сақтау мекемелерінің дәрігер-басшылары өзіне бағынысты медициналық қызметкерлердің кәсіптік біліктілігін арттыруларына қамқорлық жасауы керек.

4.6. Медициналық қызметкерлер өзге медициналық және қосымша персоналға құрметпен қарауға, олардың біліктілігін арттыруына үнемі қамқорлық жасауға міндетті.

Дәрігерлік құпия

5.1. Әрбір емделуші жеке құпиясының сақталуына құқығы бар, және де медициналық көмек көрсетуге қатысатын дәрігер мен өзге тұлғалар науқастың өлімінен кейін де дәрігерлік құпияны, егер науқас басқаша шешпесе, тіпті медициналық көмекке жүгіну фактісін де, сақтауға міндетті.

5.2. Құпия емделушіні емпдеу мен оның жүгінуі процесінде алынған барлық мәліметтерге таралады (диагнозы, емдеу әдістері, болжам және т.б.).

5.3.Емделуші туралы медициналық ақпарат мына жағдайда ашылуы мүмкін:

— емделушінің өзінің айқын жазылған келісімі бойынша;

— тергеу, прокуратура мен сот органдарының мотивті талаптары бойынша;

— егер құпияны сақтау емделуші мен (немесе) өзге тұлғалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірсе (қауіпті жұқпалы аурулар);

— бұл ақпарат кәсіптік тұрғыдан қажетті болып табылатын басқа да мамандарды емдеуге тарту кезінде.

5.4. Дәрігер науқасты емдеуге қатысатын тұлғаларды кәсіптік құпияны сақтауы бойынша бақылауы керек.

5.5. Медициналық ақпаратқа қолжетімділік құқығы бар тұлғалар емделуші туралы алынған барлық ақпаратты құпияда сақтауы тиіс.

5.6.Ғылыми зерттеулер, студенттерді оқыту және дәрігерлерді жетілдіру процесінде дәрігерлік құпия сақталуы керек. Науқасты көрсету тек оның келісімі бойынша мүмкін.


4. Әдеп кодексінің әрекет ету шегі, оны қайта қарау тәртібі және бұзғаны үшін жауапкершілік.

6.1. Дәрігердің бірінші төрешісі – өзінің ұяты. Екіншісі – қызметкерлердің әдеп нормаларын бұзу деректерін талдауға және әкімшілік жазалау шараларын қабылдау үшін әкімшілікке жеткізуге құқылы кадлар Кеңесі.

6.2.Егер әдеп нормаларын бұзу бір уақытта қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасын қозғаса, медициналық қызметкер заң бойынша жауапкершілікке тартылады.

6.3.Жұмыскер оның мінез-құлқы ұжымдық көпшілік алдында талқылануы мүмкін екенін есте сақтауы керек.

6.4.Әдеп Кодексін қайта қарастыру мен түсінік беру.

Әдеп Кодексін қайта қарастыру Кәсіпорын кадрлар Кеңесінің шешімімен анықталады.

6.5. Нақты жағдайларда Кодекстің қандай да бір ережелеріне көпмағыналы түсінік берілетіні анықталуы мүмкін.Осындай жағдайға тап болған Кеңес кадлар Кеңесі немесе конференция шешімін өздерінің түсіндірулерін рәсімдейді. Түсінік беру оны Әдеп Кодексінің қосымшасы ретінде бекіткеннен кейін заңды күшіне енеді.


Өзгерістерді тіркеу парағы

Өзгеріс енгізілген бөлімнің, стандартының, тармағының №

Өзгеріс енгізу күні

Өзгеріс енгізген тұлғаның ТАӘ


Танысу парағы

Т.А.Ә.

Лауазымы

Күні

Қолы

1.