Жайлы да аман – есен өмір сүріп жатқан әр адамның өмірінің негізі - денінің саулығы және жақындары мен туғандарының денсаулығы.

ШЖҚ «№3 Қалалық емхана» МКК ұжымының жұмысы ұзақ жылдар бойы өзінің емделушілерінің аман-сау болуына бағытталған.

Біздің емханада бірінші және жоғары санаттағы білікті мамандар, медицина ғылымының кандидаттары, ұзақ жылдар еңбек өтілі бар тәжірибелі мамандар жұмыс істейді. Емхананың емдік – диагностикалық базасы, сонымен қатар қазіргі заман талабына сай жабдықталуы емделушілерімізге әртүрлі аурулардың нақты диагнозын жасауға зор мүмкіндік туғызып отыр.

Қалалық емхана С.И. Ибатовтың басшылығымен 1934 жылы Тастақ амбулаториясы ретінде ашылған. Келер жылы Алматы қаласының Сталин ауданындағы (бас дәрігер А.П.Матвеева) Алматы ауыр машина жөндеу заводының амбулаториясына берілді.

1950 жылдың май айында Алматы қаласы Сталин аудандық денсаулық сақтау бөлімінің № 130 бұйрығымен АЗТМ амбулаториясы, №10 амбулатория, 75 орынды стационар және №3 аудандық медициналық бірлестіктің қосылуымен №2 балалар кеңесі филиалы болып бөлініп шықты. АЗТМ дирекциясының бас дәрігер болып И.И. Губанов тағайындалды.

1961 – 1974 жж. АМБ Толеутаева Катира Мухамедовна басшылық етті.

1974 жылы ҚР және СССР денсаулық сақтау үздігі, денсаулық сақтау саласының жоғары санатты ұйымдастырушысы М.М. Мендығалиев басшылық етті 1975 жылы 15 шілдеде №3 аудандық медициналық бірлестіктің 131 бұйрығымен №3 Қалалық емхана атауы берілді.

1985 жылы (28 аумақтағы учаскеде) 50 000 – ға жуық тұрғындарға қызмет етті, орта шамамен есептегенде бір учаскеде 1500 адам санын қүрады.

Мұндай көп адамдарды ескі ғимаратта қабылдау мүмкін болмады, бас дәрігердің ынтасының және ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында 1987 жылы 500 ауысымның қатысуына есептеліп, 4 қабатты емхана ғимараты бой көтерді. 2005 – 2013 ж.ж. емханаға Дауренбекова Нурзия Баймырзақызы басшылық етті.

2008 жылы 30 маусымда Алматы қаласы Әкімінің №2/471 Қаулысымен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын болып қайта құрылды.

Алматы қаласы Әкімдігінің №2/432 Қаулысымен 2013 жылы «№3 Қалалық емхана» ШЖҚ ««№3 Қалалық емхана» МКК болып аталынды.

30 – дан астам бағыт бойынша білікті мамандармен және Алматы қаласының тұрғындарымен қонақтарына қолайлы медициналық көмек көрсетуге арналған ШЖҚ ««№3 Қалалық емхана» МКК қазіргі таңда көпсалалы емдеу мекемесі.

Емхананың жоспарлы қуаттылығы аусымда 500 дейін жетеді. 59292 тұрғынға қызмет көрсетеді.

Біздің емханада бірінші және жоғары санаттағы білікті мамандар, медицина ғылымының кандидаттары, ұзақ жылдар еңбек өтілі бар тәжірибелі мамандар жұмыс істейді. Емхананың емдік – диагностикалық базасы, сонымен қатар қазіргі заман талабына сай жабдықталуы емделушілерімізге әртүрлі аурулардың нақты диагнозын жасауға және балалар мен үлкендерге тиімді, сапалы ем жүргізуге зор мүмкіндік туғызып отыр.

Емхана мына бағыттар бойынша жұмыс жасайды:

  • Жүрек пен қан тамырлар жүйесінің ауруларының алдын алу;
  • Қант диабетінің алдын алу;
  • Онкологиялық аурулардың алдын алу;
  • Фертильді жастағы әйелдердің денсаулығын жақсарту;
  • Ана мен бала денсаулығын күзету;
  • ВИЧ – инфекциясының, туберкүлез және жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу;
  • Санитарлық тазалау және салауатты өмір салтын насихаттау;
  • Мүгедектер және науқастарға медициналық реабилитация;