Емделушілерді қолдау және ішкі аудит қызметі

Ішкі аудит халықаралық ішкі аудиторлар Институтына сәйкес тәуелсіз және объективті кепілдікке беруге, сонымен қатар ұйымның қызметін жетілдіруге бағытталған қызмет.
Емхананың ішкі аудит және пациенттерді қолдау қызметінің негізгі мақсаты тұрғындарға ұсынылатын медициналық көмектің сапасын арттыру болып табылады.

№3 Қалалық емхананың ішкі аудит және пациенттерді қолдау қызметі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 58 бабына сәйкес бас дәрігердің бұйрығымен келесідегі негізгі тапсырмаларды шешу үшін құрылды:

  • тіркелінген тұрғындарға медициналық көмек сапасының қолжетімділігін қамтамасыз ету;
  • медициналық қызметті ұсынуды жақсарту бойынша басқару шешімдерін қабылдау және медициналық көмек көрсету үрдісі үшін ішкі бақылауды ұйымдастыру;
  • пациенттердің (жүгінулерін), соның ішінде «Осында және қазір!» қағидасы бойынша СаІІ орталығына келіп түскен және емхананың сенім телефондары бойынша мәселелерін шешу.
  • тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің ережелерін сақтау;
  • ұсынылатын қызметтер сапасынына тұрғындардың қанағаттануын жоғарылату;
  • жұмыстағы кемшіліктерді жою және медициналық көмектің сапасын және тиімділігін арттыру.

Қызметкерлердің жоғары біліктілігі ұсынылған медициналық қызмет сапасының кепілгері болып табылады. Осыған байланысты біздің емханамыздың пациенттерді қолдау қызметінде медициналық қызмет көрсету сараптамасы аумағына арнайы оқытудан өткен жоғары білікті санаттағы тәжірибелі мамандар қызмет көрсетеді. Пациенттерді қолдау Қызметіне жүргізілетін ішкі бақылау тәуелсіздігі мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін сапалы бөлек бөлімше құрылымы берілді.

Қызметті басқарушы – денсаулық сақтау ұйымдастырушысы, жоғары білікті санаттағы 38 жылдан астам еңбек өтілі бар, бас дәрігердің медициналық қызметтің сапасын бақылау жөніндегі орынбасары М.Х. Мухамеджанова. Сол сияқты емдік-диагностикалық үрдіс сапасын объективті бағалауды, медициналық карталарға сараптама жасау жүргізуді, пациенттердің көрсетілетін медициналық қызметтің сапасына қанағаттанушылықтарын анықтау үшін сауалнама жүргізуді, 33 жылдан астам еңбек өтілі бар жоғары білікті санаттағы эксперт дәрігері Г.К.Алимбекова қамтамасыз етеді.

Ұсынылған медициналық қызмет туралы қоғамдық пікірлерді білу үшін және тұтынушылардың шағымдарын толықтай қамтамасыз ету үшін Қызмет операторлары күнделікті әр-түрлі интернет алаңында мониторинг жүргізеді.

Сайтқа, форумға, емхананың ақпараттық-киоскісіне, сенім телефонына, ұсыныстар және шағымдарға арналған жәшікке келіп түскен барлық ақпараттар тексеріледі және басқару шешімдерін қабылдау және түзету шараларын жасау үшін Қызмет басшысына беріледі.

Қолдау қызметіне қандай жағдайда жолығуға болады?
Егер Сіз:

  • медициналық көмек көрсету сапасына көңіліңіз толмаса;
  • медициналық қызметкерлер тарапынан дөрекі қатынасқа тап болсаңыз;
  • тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтер үшін медицина қызметкерлерімен қаражат фактісінде бопсалаушылыққа жол берілсе;
  • медициналық көмек көрсету сапасы және тәртібімен байланысты басқа да маңызды сұрақтар туындағанда;

Қайда жолығуға болады?
Пациенттермен кері байланысты жүзеге асыру үшін емханада бірнеше механизмдер қызмет етеді.

  • Емхананың бірінші қабатында жолығушы тұлғаның аты-жөні, байланыс мәліметі жазылған жазбаша хаттары салынған шағымдар мен ұсыныстарға арналған Жәшік орналасқан. Сонымен қатар, жазбаша хатты бас дәрігердің қабылдауына да қалдыруға болады.
  • 395-45-00 сенім телефоны бойынша жұмыс күндері сағ.08:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі күндері 09:00-ден 14:00-ге дейін азаматтардың жүгінулері қабылданады, ауызша жолығуларды қабылдау үшін диспетчерлік қызметті ұйымдастыру жұмыстарын тездетуді қамтамасыз ету.
  • Емхананың күту залында денсаулық сақтау саласында әрекеттегі заңнама бойынша анықтамалық ақпараттарды алуға, әрбір пациент емхана қызметін және емхана дәрігерлерінің жұмысын бағалауға, сонымен қатар түскен арыздарға және басшылар тарапына келіп түскен алғыстарды білуге мүмкіндік алатын арнайы ақпараттық киоск қойылған.

Интернет желісін пайдаланушылар www.gorp3.kz емхана сайтына өздеріне қажет сұрақтарды «БАС ДӘРІГЕРДІҢ БЛОГЫНА» қалдыруға болады.

  1. Егер сіздің сұрағыңызды кейінге қалдыруға болмайтын жағдайда, Сіз бас дәрігердің медициналық қызметтің сапасын жақсарту жөніндегі орынбасарына (№201 кабинет), қоғамдық қабылдау бірінші қабатта орналасқан (105 кабинет), болмаса тікелей емхананың бас дәрігеріне (№403 кабинет) жолыға аласыздар.

Бұл қалай жұмыс істейді?

  • Қабылдау және тіркеу. Осы аталған кезеңде барлық жолығулар келіп түскен тәуелсіз кіріс және шығыс хабарлар журналына тіркеледі. Жүгінуде аты-жөніңіз, фамилияңызды көрсету қажет, сонымен қатар өтініш берушінің пошталық мекенжайы жазылу керек.
  • Қарау. Жеке және (немесе) заңды тұлғаның жүгінулері 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III жеке және заңды тұлғаның жүгінулерін қарау тәртібі туралы Заңына сәйкес көрсетілген мерзімде қаралады. Жүгінулерді қарау кезінде ішкі аудит Қызметінің қызметкерлері объективті, жан-жақты және өтініштердің өзуақытында қаралуын қамтамасыз етеді. Құқық бұзушылықты қалпына келтіруге бағытталған іс-шаралар қабылданады.
  • Нәтиже: Жүгінулерді қарау нәтижелері бойынша келесі шешімдер қабылданады:
    • жүгінулерге толықтай және жартылай қанағаттануы туралы;
    • дәлелді қабылданған осы шешімге жүгінушінің қанағаттануынан бас тартқаны жөнінде;
    • жүгіну бойынша түсіндірме беру туралы;
    • жүгінуді қарауды тоқтату туралы.
  1. Жауап. Қызметтік тергеу аяқталғаннан кейін өтінушіге Қазақстан Республикасының заңнамасының нақты дәлелді сілтемесімен жауап ұсынылады.

Аяқталған жұмыстар. Нақты мүдделі жүгіну бойынша жұмыс аяқталғаннан кейін, сапа қызметімен бірлесіп, түзетулерді және шағымдардың қайталап түсуіне жол бермеу бойынша ескерту әрекеттері туралы шешім қабылдайды.

Медициналық қызметті тұтынушылармен тиімді кері байланыс «Осында және қазір!» қағидасымен медициналық көмек көрсетудің барлық кезеңінде жүгінуді талдауды және осы жағдайларды болдырмау механизммдерін жұмысқа енгізуді жүзеге асырушы осы үш жол бізді алдыға қойған мақсатымызға жетелейді.

Емхана сенім телефоны 395-45-00,

Емхана анықтама қызметінің телефоны 395 45 05, 395 45 06, 379 41 83

Құрметпен ШЖҚ «№3 Қалалық емхана» МКК пациенттерді қолдау қызметі.