Миссия:
Азаматтардың денсаулығын сақтау және жақсарту бағытында тіркелінген тұрғындарға медициналық көмек көрсету сапасын және қолжетімділікті қамтамасыз ету.
Мақсат:
Тиімді диагностикалық және емдік профилактикалық заманауи технологияларды енгізіп, тиімді әдістермен басқару негізінде қызмет көрсететін тұрғындардың денсаулығын сақтау және нығайту.
- Тұрғындар денсаулығын сақтау және нығайту бойынша нысаналы индикаторлар Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс – шараларды орындау;
- Профилактикалық жұмыстарға БМСК тиімді әлеуметтік-бағдарды қамтамасыз ету;
- Заманауи медициналық технологияларды қолдануды енгізе отырып, жалпы дәрігерлік /отбасылық тәжірибені, медициналық қызмет көрсету сапасын және қолжетімділігін дамытуды қамтамасыз ету;
- Кәсіпорындағы экономикалық тұрақтылықты дұрыс жолмен жоспарлау, бар қорларды тиімді қолдану мен бөлу, (қаржылық, материалды-техникалық, кадрлық және т.б.), материалды-техникалық базаны нығайту; көрсетілетін медициналық көмектің көлемі мен түрлерін кеңейту;
- Қызметкерлер шеберлігін кәсіптік біліктілігін жоғарылату, кәсіпқой карларды жұмылдыру арқылы кадрлар құрамын күшейту;
- Қазақстан Республикасының раміздеріне құрметтеуді, патриоттық сезімді, азаматтықты қалыптастыру.
- Командалық рух - емхана қызметінің түпкілікті нәтижелерінің ынтымақты жауапкершілігі;
- Кәсіпқойлық – кәсіптік білімді жақсарту және өзін-өзі кемелдендіру бойынша тұрақты жұмыс;
- Жаңашылдық – адамның дарынын және шығармашылық қабілеттілігін таныту үшін жағдай жасау;
- Тәлімгерлік – еңбек мәдениетіне дағдыландыру және тәжірибе алмасу және корпоративтік құндылық;
- Тұлғаның ар-намысын құрметтеу оның құқығы және бостандығы.