Алматы қаласы
Розыбакиева көшесі 74-үй

Телефон горячей линии

+7 (727) 333-14-79

Единый городской Call центр

3000-103

Справочная служба

+7 (727) 333-14-77

Құрметті науқастар!

Коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету үшін, сіздің және сіздің туыстарыңыздың денсаулығын сактау мақсатында дене қызуы көтерілгенде және ЖРВИ белгілері болған жағдайда емхананың тіркеу бөліміне хабарласып дәрігерді үйге шақыра аласыз. Тіркеу бөлімінің телефондары: 333-14-77, 8 778 046 8047 немесе 333-14-79 емхананың Call центріне хабарласа аласыз.

Сондай-ақ сізден мүмкіндігінше адам көп жиналатын қоғамдық орындарға бармауыңызды өтінеміз. Қолыңызды жиі сабынмен жуыңыз, себебі жеке бас гигиенасы сіздің денсаулығыныздың кепілі. Қолынызды көшеден, қоғамдық орындардан келгенде жуып тұрыңыз, және бет, ауыз, мұрын және көзіңізді қолынызбен ұстамаңыз.

Егер сіз және сіздің жақын туыстарыңыз соңғы 14 күн аралығында шет мемлекетке барып келген жағдайда өзіңіздің учаскелік дәрігеріңізге хабарлауыңызды сұраймыз.

№3 Қалалық емхана штаттық режімде жұмыс істейді, сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін, сенбі күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, жексенбі күні, сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін кезекші дәрігер жұмыс істейді.