Алматы қаласы
Розыбакиева көшесі 74-үй

№3 Қалалық емхананың Пациентті қолдау және ішкі аудит қызметі 2013 жылы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 58-бабына сәйкес бас дәрігердің бұйрығымен құрылды, ол емхананың медициналық қызметтердің сапасын басқару бойынша қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Мақсаты:

Пациенттің қажетті көлемде уақтылы, сапалы және қауіпсіз медициналық көмек алу құқығын қамтамасыз ету.

«Осында және қазір» қағидаты бойынша пациенттердің шағымдарын жедел шешуді қамтамасыз ету.

Міндеті: емхананың құрылымдық бөлімшелерінің медициналық көмектің сапасын басқару бойынша қызметін үйлестіру.

Функциялар:

  • жеке процестер мен рәсімдерді бағалау, Денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды енгізу, ішкі индикаторларды қолдану бойынша бөлімшелер қызметінің тиімділігін талдау;
  • ауруханаішілік комиссиялардың қызметін талдау;
  • емхана басшылығына тиісті басқарушылық шешімдер қабылдау үшін талдау нәтижесінде анықталған проблемалар туралы ақпарат беру;
  • медициналық қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету мәселелері бойынша қызметкерлерді оқыту және әдістемелік көмек көрсету;
  • пациенттердің сапасын жақсарту және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы қызметкерлердің пікірін зерделеу және персоналды хабардар ету;
  • медициналық көмек көрсету тәртібін бұзу фактілерін анықтау;
  • сауалнама жүргізу арқылы пациенттердің медициналық қызметтердің деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін зерделей отырып, пациенттердің проблемаларын (шағымдарын) күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде пайда болуына қарай сол жерде шешу;
  • азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуын қамтамасыз ету ережелерінің сақталуын бақылау.

Құрметті емделушілер!

егер Сіз:

  • медициналық көмек көрсету сапасына қанағаттанбасаңыз;
  • медициналық қызметкерлер тарапынан дөрекілікке тап болсаңыз;
  • тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін медициналық персоналдың ақша қаражатын бопсалау фактілерімен кездессеңіз;
  • сондай-ақ егер Сіз медициналық көмек көрсету тәртібі мен сапасына байланысты басқа да проблемалық мәселелерге тап болсаңыз, Сіз ПАЦИЕНТТІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ АУДИТ ҚЫЗМЕТІНЕ жүгінуге құқылысыз.

Қызмет басшысы Мухамеджанова Мубарак Ходжиакбаровна, 4 қабат, 409 каб. кон.тел. 8 (727) 379-42-00, 333-14-78 (ішкі-004), жұмыс уақыты 09.00 сағ.-18.00 сағ. (13.00-14.00 сағ. – түскі үзіліс).

Сіздің өтініштеріңізді біз Сіз үшін кез келген ыңғайлы түрде қабылдауға дайынбыз:

  • Азаматтардың өтініштеріне арналған жәшіктер арқылы тіркеу орнының жанындағы бірінші қабатта орналасқан;
  • Корреспонденттік почтамен мына мекенжай бойынша: Алматы қ., Розыбакиев к-сі, 74;
  • Емхана сайты арқылы: http://gorp3.kz/
  • Емхананың бас дәрігерінің блогы арқылы;
  • Электрондық пошта арқылы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..

Объективтілік және ашықтық қағидаттарын сақтау мақсатында Сіздің өтінішіңіз комиссиямен және Сіздің қалауыңыз бойынша Сіздің қатысуыңызбен қаралатын болады. Пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметі Сіздің өтінішіңізді қарайды және белгіленген мерзімде жауап береді.

Сіздерді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасында бірыңғай ақпараттық Call-орталық жұмыс істейтіндігі туралы хабардар етеміз, медициналық көмек көрсетудің барлық мәселелері бойынша 3000-103 телефоны арқылы хабарласа аласыз

Емхананың жедел желі телефоны: 8 (727) 333-14-79 (ішкі-060)