Игисинова Қырмызы Қазиқызы,  жоғары санаттағы тепапевт дәрігері, жоғары білікті санаттағы денсаулық сақтау ісін ұйымдастырушы, медицина ғылымының кандидаты, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.   

1984 жылы Алматы Мемлекеттік медициналық институтын емдеу ісі мамандығы бойынша бітірген.   

Алғашқы еңбек жолын Алматы қаласындағы ОҚКА учаскелік терапевт дәрігер қызметінен бастаған. 1989 жылы ҚР ІІМ – нің емханасы бар Орталық госпиталінде жұмыс істеді (басында учаскелік терапевт, кейіннен терапия бөлімінің басшысы). 1998 жылы қызметтік ауысу тәртібімен ҚР Президенті істері басқармасының Орталық клиникалық ауруханасында отбасылық дәрігерлік кешен бірлестігі координаторының меңгерушісі, 2002 жылы бас дәрігердің ұйымдастырушылық – экономикалық сұрақтары бойынша орынбасары лауазымында, ары қарай бас дәрігердің емдеу ісі бойынша орынбасары қызметін атқарды.

2008 жылы №20 Қалалық емхананың бас дәрігері лауазымына тағайындалды. 2011 жылы Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары, 2012 жылы ҚР Президенті істері басқармасының АҚ «Алматы» Санаториында ұйымдастырушылық – экономикалық сұрақтары бойынша вице – президент лауазымында қызмет атқарды.

2013 жылдың сәуір айынан бастап ШЖҚ «№3 Қалалық емхана» МКК бас дәрігері.