Back to top

ҚАЗАҚСТАНДА ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК ТЕГІН КӨРСЕТІЛЕДІ

Қазіргі таңда емханаға жүгіну немесе ауруханаға жатқызу үшін міндетті түрде МӘМС жүйесінде сақтандырылу мәртебесі талап етіледі деген пікір бар. Яғни, егер бұл мәртебе болмаса, пациент жай қабылданбайды және оған медициналық көмектен бас тартылады.

Бұл олай емес!

Барлық шұғыл медициналық көмек МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесіне, яғни жарналардың болуына және медициналық ұйымға бекітілуіне қарамастан, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде тегін көрсетіледі.

Созылмалы немесе әлеуметтік маңызы бар аурудың өршуі, ЖРВИ немесе COVID-19 белгілері болғанда,  жарақат алған жағдайда, Сіз әрдайым көмекке жүгіне аласыз:

 фильтр кабинетіне немесе өзіңіздің, болмаса жақын маңдағы емхананың кезекші дәрігеріне

 жақын маңдағы аурухананың қабылдау бөлімшесіне

 жедел жәрдем шақыруға

⁉️ ЕГЕР МЕН ШҰҒЫЛ ТҮРДЕ ЕМХАНАҒА НЕМЕСЕ АУРУХАНАҒА БАРСАМ, МЕНІ ТЕКСЕРІП, ЕМДЕЙ МЕ?

Иә. Денсаулық жағдайын тұрақтандыру үшін қажет барлық нәрсе сізге тегін – ТМККК пакетінде көрсетіледі.

Оның ішінде диагнозды верификациялау және емдеу тактикасын айқындау үшін тар бейінді мамандардың қажетті тексерулері мен консультациялары, қажет болған кезде бекітілген тізбеге сәйкес дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және тәулік бойы стационарға емдеуге жатқызу.

Сақтандыру жағдайы сізге денсаулық жағдайы тұрақтанғаннан кейін, жоспарлы бақылау қажет болғанда немесе стационарды алмастыратын жағдайларда емдеуді жалғастырған кезде қажет болады.

 Бірақ мұнда ерекше жағдайлар бар.

Егер сіз шұғыл көмекке жүгінген әлеуметтік маңызы бар немесе созылмалы ауру бойынша Д-есепте тұрсаңыз, сізге сақтандырылған мәртебеңізге қарамастан,  медициналық қызметтерді ТМККК пакетінде көрсету жалғастырылатын болады. 

Сондай-ақ, «туберкулез» диагнозы бар науқастарға ТМККК пакетінде оңалту көмегін көрсететінін еске саламыз.

Егер сізде медициналық көмектің сапасы мен уақтылы көрсетілуі бойынша сұрақтар туындаса, сіз емхананың Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметіне немесе өзіңізге ыңғайлы келесі байланыс арналары бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгіне аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Goldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot

Undefined