НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!

Қымбатты достар ауыр онкологиялық аурулардың, сондай-ақ көп таралған әлуметтік маңызы бар мына аурулар: ҚЖА, Қант диабеті, Глаукома, тоқ және тік ішек Обыры, өңеш пен асқазан Обыры сияқты ауруларды ерте анықтау мақсатында тегін түрде тексеруден өтуге шақырамыз!

Жас ерекшеліктері бойынша скринингтік профилактикалық тексерулер:

  1. 18, 25, 30, 35, 40 жас, 40 жастан 64 жасқа дейінгі – ер адамдар мен әйелдер - қанайналым жүйесінің аурулары (артериалдық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы) және қант диабетін ерте анықтау скринингтік тексеруі – 2 жылда 1 рет;
  2. 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы – әйелдер мен ер адамдар – глаукоманы ерте анықтау скринингтік тексеруі;
  3. 50, 52, 54, 56, 58, 60 жастағы – әйелдер – сүт бездерінің ісік алды және ісік аурулары;
  4. 30, 35, 40, 45, 50, 55, 60 жастағы – әйелдер – ісік алды аурулар мен жатыр мойны обырын ерте анықтауға скринингтік тексеру;
  5. 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы – ер адамдар мен әйелдер – тік жән тоқ ішек ісік алды және ісік ауруларын ерте анықтауға скринингтік тексеру;
  6. 50, 52, 54, 56, 58 және 60 жастағы – ер адамдар мен әйелдер – өңеш және асқазан обырын ерте анықтауға скринингтік тексеру;
  7. вирустық және вирустық емес этилогиялы бауыр циррозы бойынша диспансерлік есепте тұрған ер адамдар мен әйелдер – бауыр обырын ерте анықтауға скринингтік тексеру;
  8. 50, 54, 58, 62 және 66 жастағы – ер адамдар қуықалды безінің обырын ерте анықтауға скринингтік тексеру;

№3 Қалалық емхана Алматы қ. Розыбакиев көш. 74 мекен-жайы бойынша орналасқан. Скринингтік зерттеулер күнделікті дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 9:00 ден 17:00 дейін жүргізіледі.

#МЫЗАЗДОРОВЫЙКАЗАХСТАН