Гепатита В

Қымбатты достар! Сіздер В гепатиті вирусы жайында не білесіздер? Сіз және Сіздің балаңыз вирусты гепатитті жұқтырудан сақтанған ба? Бұл аурудың зардаптары қандай? Жыл сайын 28 шілдеде өтетін Дүниежүзілік гепатитпен күрес күнінің аясында №3 Қалалық емхананың педиатр дәрігері А.К.Муратова №90 Бөбекжай балабақшасының балалары және ата-аналарымен гепатит вирусын жұқтыру жолдары, емдеу әдістері және алдын-алу шаралары туралы түсіндірді. Өзінің сөзінде біздің дәрігеріміз ең маңызды сұрақтарға жауап берді, гепатит вирусы – бұл соңында ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екендігін айтты, созылмалы гепатиттен циррозға дейін асқынуы, кейбір жағдайларда тіпті өліммен аяқталуы мүмкін. Бәрімізге белгілі, емделгенше кез-келген аурудың алдын-алған абзал және бұл гепатит вирусына қатысты дәл айтылған.

В гепатиті вирусының алдын-алуда Қазақстанда Ұлттық күнтізбеге сәйкес жасалатын алғашқы 3 күнде және 2-ші, 4-ші айларында балаларға егу жүргізудің орны ерекше. Сонымен қатар, дәрігер қандайда бір себеппен бала В гепатиті вирусынан екпе алмаған болса, оны жасау ешқашан да кеш болмайтынын, ол үшін тек өзінің педиатрына жүгіну қажет екендігін айтты.

#3ҚАЛАЛЫҚЕМХАНА
#БІЗСАЛАУАТТЫҚАЗАҚСТАНДЫҚОЛДАЙМЫЗ
#САПААЙЛЫҒЫ