Алматы қаласы
Розыбакиева көшесі 74-үй

Жедел желісі

+7 (727) 395-45-00

Бірыңғай қалалық Call орталығы

3000-103

Анықтама қызметі

+7 (727) 395-45-06

+7 (727) 379-41-83

Емханаға балаларды тіркеу қызметі электрондық үкімет порталында және Telegram-боте egov.kz қосымшасында жүзеге асырылған.

Портал арқылы қызмет алу үшін egov.kz тіркеліп және электрондық цифрлық кілттің (ЭЦП) болуы жеткілікті. Сондай-ақ онлайн-қызмет 2007 жылға дейінгі туылған балаларға көрсетілмейтінгіні білу маңызды. Алдымен, қолданушы порталда "Денсаулық сақтау" бөліміндегі "Бастапқы медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу" дегенді таңдауы қажет және пайда болған электрондық жиекте балаға қызмет алу опциясына басу қажет. Жүйе баланың ЖСН енгізуіңізді сұрайды және туыстық байланысты тексеру үшін АХАЖ электрондық жүйесіне сұраныс жолдайды.

Осыдан кейін сіз онлайн өтінімде қажетті мәліметтерді (аумақ, медициналық ұйым, тіркеу себебін, аймақтық дәрігерді және т.б.) таңдай аласыз. Өтінімді жібергеннен кейін, ересектерді тіркеу кезіндегідей, нәтиже порталдағы өтінім берушінің жеке кабинетінде қол жетімді болады. Қызмет көрсету мерзімі - бір жұмыс күні. Telegram Bot арқылы қызмет алу үшін "Бастапқы медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу" қызметін таңдау қажет. Қызметті таңдағаннан кейін қолданушы чатта тиісті батырмаларды баса отырып, команданы жіберу қажет.

Бот арқылы қызмет алу үшін жазылуды (өз мобильді телефоныңның нөмірін пайдалануға рұқсат ету және чатта Старт батырмасын басу) жүргізу қажет. Естеріңізге саламыз, тұрғындарды жыл сайынғы емханаларға тіркеу науқаны өтеді, ол ағымдағы жылдың 15 қарашасына дейін жүргізіледі. Бастапқы бес аптада емхана таңдау құқығымен Алматы бойынша 16 мың адам пайдаланған.