Алматы қаласы
Розыбакиева көшесі 74-үй

Жедел желісі

+7 (727) 395-45-00

Бірыңғай қалалық Call орталығы

3000-103

Анықтама қызметі

+7 (727) 395-45-06

+7 (727) 379-41-83

Қазақстан Республикасында 2018 жылдың өткен мерзімі ішінде 26 расталған қызылша ауырулары тіркелген, соның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар - 20 жағдай (76,9%).

"Қызылша" - жоғары дене қызуы, жөтел, тұмау, тамақтың ауыру және бөртпелер шығу сияқты белгілермен сипатталатын жұқпалы табиғаттың жедел инфекциялық ауыруы.
Қызылша пневмония (өкпенің қабынуы), бронхит, энцефалит (ми қабықшаларының қабынуы) сияқты асқынулармен қауіпті, медициналық көмекке кеш жүгінген жағдайда және ауыр түрдегі ілеспе ауырулары болған жағдайда бұл ауыру өлімге әкелуі мүмкін. Қызылшаның тиімді және арнайы емдеу әдісі жоқ. Қызылшадан жалғыз тиімді қорғаныс бұл екпе. Қазақстанда қызылшаға қарсы екпе салу екі рет жүргізіледі. Біріншісі 1 жаста және екіншісі 6 жаста жүргізіледі. Екпе үшін қызылшаға қарсы қауіпсіз және нәтижелі екпе қолданылады.

Ұсынылады:
  • ата-аналар қызылшаға қарсы баласының екпе мәртебесін тексеру, екпе болмаған жағдайда - қызылшаға қарсы профилактикалық екпе алу;
  • әртүрлі себетер бойынша қызылшаға қарсы екпе алмаған балалардың ата-аналары балаларының әртүрлі мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысуына, сауда-ойын орталықтарындағы ойын алаңдарына баруын шектеу;
  • катаралды құбылыстары (дене қызуының көтерілуі, бас ауыруы, әлсіздік) бар ауырудың алғашқы белгілері пайда болған жағдайда дәрігерге жолығып, қызылша тексеруінен өтіп және оның барлық ұсыныстарын орындау қажет.

Естеріңізде болсын,ауыруды емдегеннен алдын алған жөн!

#3қалалықемхана;
#бізсалауаттықазақстандықолдаймыз #қызылшапрофилактикасы;
#деркезіндежүгіну;
#бізекпеніқолдаймыз;
#өзіңізгежәнежақындарыңызғақамқорболыңыз;
#ауырмаңыздар.