Алматы қаласы
Розыбакиева көшесі 74-үй

Жедел желісі

+7 (727) 395-45-00

Бірыңғай қалалық Call орталығы

3000-103

Анықтама қызметі

+7 (727) 395-45-06

+7 (727) 379-41-83


Қайырлы күн құрметті ата-аналар! Сіздер гепатит жайлы не білесіздер? Бүгін кең таралған гепатит А жайында сөйлесеміз.

ГЕПАТИТ А- А гепатиті вирусымен болатын бауыр ауыруы. Вирус сыртқы әсерлерге (қайнатуға, хлорға, формалинге, суда 3 күнге дейін өмір сүреді) беріктігімен ерекшеленеді. А гепатитіне барлық екпе алмағандар сырқаттануға жақын келеді, әсіресе балалар.

ЖҰҚПА КӨЗІ – науқас адам.

Нәжісті – ішке қабылдау арқылы. Жұғу жұқпаны жұқтырған адамдардан су және тамақты пайдалану кезінде болады. Ол кір қолдан, мысалы, жұқтырған адам тамақ жасаса, Ауыру санитария мен жеке гигиенаны тиісті түрде сақтамағаннан, қауіпсіз судың болмауына тығыз байланысты.

Вирус сондай-ақ жұқтырған адаммен тығыз қарым-қатынас кезінде берілуі мүмкін, бірақ гепатит адамдардың кездейсоқ қарым-қатынасы кезінде жұқпайды.

БЕЛГІЛЕРІ Ауыру белгілері жеңіл, сондай-ақ ауыр болуы мүмкін. Әдетте бұл дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, тәбеттің болмауы, іш өту, құсу, іштің ауыруы, зәрдің қараюы, сарғаю. Бірақ жұқтырған адамдардың барлығыгда бұл белгілер бол бермейді. Алты жасқа дейінгі балаларда әдетте қандай да бір белгілер аса байқалмайды, тек 10% сарғаю болады.

ЕМДЕЛУІ А гепатитінің өзіне тән емі жоқ. Емделу жайлылықты ұстануға және тиісті түрде құнарлы тағамдарды қоса отырып, сондақ-ақ іш өту мен құсу кезіндегі жоғалтқан сұйықтықты өтей отырып, үслестіруге бағытталған.

А гепатитінің профилактикасы Кез-келген жұқпалардың профилактикасы қандай да бір қолжетімді әдістермен қоздырушыны таратудың алдын-алуға негізделген.

А гепатиті вирусын тарату мына жолдар арқылы нәжісті-ішке қабылдауды тыю жолдарымен қамтамасыз етіледі:

Адам үшін жайлы тұрмыстық және өндірістік жағдайларды жасау;

Адамдардың тұрғылықты жерлерін санитарлық жайлылықпен, тұрғындарды сапалы ауыз сумен және сенімді кәріздермен қамтамасыз ету;

Дайындау, өңдеу, сақтау және сату кезеңдерінде қауіпсіз азық-түліктермен;

Санитарлық мәдениетті арттыру.