Алматы қаласы
Розыбакиева көшесі 74-үй

Жедел желісі

+7 (727) 395-45-00

Бірыңғай қалалық Call орталығы

3000-103

Анықтама қызметі

+7 (727) 395-45-06

+7 (727) 379-41-83

Ауыруларды басқару бағдарламасы (АББ) – созылмалы ауыруларды жүргізуді жақсарту бойынша кешенді жан-жақты жоспарлы тәсіл сондай-ақ, диагностикаланған созылмалы жұқпалық емес ауырулары бар адамдарды қолдауға арналған және өзіне-өзі көмек көрсетуді қоса алғанда, үйлестіруші шаралар жолы арқылы өз ауыруларын басқаруға адамдарды тарту болып табылады. Мұндай бағдарлама жекелеген тұлғаларға медициналық қызметтердің басқа да жеткізушілерімен өз ауыруын басқаруғажәне асқынулардың алдын-алуға мүмкіндік береді.

АББ енгізу созымалы жұқпалы емес ауырулармен күрес пен алдын-алу, емделушілердің өз денсаулығына деген ортақ жауапкершілігін арттыру, медициналық қызметкерлермен өзара араласуды жақсарту және болуы мүмкін асқынулар мен жағдайдың қиындауының алдын-алуға бағытталған барлық қорларды пайдалану мәселелеріндегі маңызды өзгерістердің қажеттілігіне байланысты шығарылған.

Біздің емханамызда бұл бағдарлама созыдмалы жүрек жеткіліксіздігі бойынша сынақ жоба ретінде 2016 жылы енгізілген.

2018 жылдан бастап біздің емханамызда еліміздің барлық жеріндегідей АББ бағдарламасы үш нозология бойынша кезең-кезеңмен басталды: артериалдық гипертензия, қант диабеті, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі.

Осыған байланысты, 2019 жылдың 28 қаңтарынан бастап 01.02.2019ж.дейін біздің емханамыздың аймақтық қызметтің мамандары үшін м.ғ.к., Кардиология және ішкі ауырулар ҒЗИ өңірлермен жұмыс жүргізу жөніндегі басшысы Кабыкенова Р.К., сондай-ақ Кардиология және ішкі ауырулар ҒЗИ эндокринолог дәрігері, қант диабеті бойынша АББ үйлестіруішісі Караев Р.Х. жүргізген «Аурыруларды басқару бағдарламасына үйрету» тақырыбында көшпенді семинар-тренинг өткізілді,

Жобаның мақсаты:алғашқы анықталған артериалдық гипертония, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі анықталған емделушілерде асқынулар санын азайту.

Жоба тапсырмалары:
  • Дәлелді медицина негізінде клиникалық басшылыққа сәйкес емделушілер емін жүргізу;
  • Ауыруханаға жату санын азайту;
  • медцициналық қызметкерлер мен емделушілер арасында ақпараттық және коммуникативті байланыс орнату;
  • Өз-өзіне көмекті жақсарту/ арттыру;
  • Емделушілердің өзін-өзі ұстауын өзгерту.