Алматы қаласы
Розыбакиева көшесі 74-үй

Жедел желісі

+7 (727) 395-45-00

Бірыңғай қалалық Call орталығы

3000-103

Анықтама қызметі

+7 (727) 395-45-06

+7 (727) 379-41-83

Салем достар! №3 қалалық емхана мамандары Дүниежүзілік денсаулық күні аясында «Салауатты өмір салтын қалай ұстану керек» тақырыбында Алматы полиграфиялык колледжінің 1 курс студенттеріне тәрбие сағатын өткізді. Іс-шара барысында денсаулықты нығайтатын факторлар туралы айтылды, олар: жеке бас гигиенасы – денені, киімді, тұратын үйін/ жатақхананы таза ұстау, партада дұрыс отыру; қозғалыс белсенділігі – гимнастиканы міндетті түрде өткізу, физикалық жаттығуларды жүйелі түрде орындау, спорттық ойындармен айналысу; шынығу – организмді су, күн, ауа сияқты табиғи факторлармен шынықтыру; ішімдік, темекі және есірткіге әуестенбеу; тез дайындалатын тағамдардан бас тарту.

Студенттермен бірге «Денім сау болу - сәнді» ұранмен 5 минуттық жаттығу жасалды.Бұл жаттығу ағзаға жағымды әсер ете отырып, адамға жарқын көңіл-куй сыйлайды, қимыл әрекетін белсендіре түседі. Осы қозғалыстан кейін көру, түсіну, сезіну мүшелері жақсы жұмыс істей бастайды. Біздің мамандар күнде үзілісте осындай жаттығу жасап тұруға кеңес берді!

#Қалалықемхана3; #Денсаулықкүні; #Бізденісауұрпақпыз; #Денімсауболу-сәнді.