Алматы қаласы
Розыбакиева көшесі 74-үй

Жедел желісі

+7 (727) 395-45-00

Бірыңғай қалалық Call орталығы

3000-103

Анықтама қызметі

+7 (727) 395-45-06

+7 (727) 379-41-83

Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (ТМККК) жаңа моделі және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті (МӘМС) жұмыс істейтін болады.

ТМККК және МӘМС жаңа моделі ДДҰ-ның халықты денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамту жөніндегі қағидаттарына сәйкес келеді.

ТМККК-да медициналық көмек әрбір адамға шұғыл және шұғыл жағдайларда, сондай-ақ бүкіл қоғам үшін маңызды, яғни демографиялық көрсеткіштердің нашарлауына әкеп соқтыратын және мүгедектікке әкеп соғатын аурулар бойынша көрсетілетін болады.

МӘМС жүйесіндегі медициналық көмек әрбір адамның өмір сүру сапасын арттыру үшін ТМККК-ден тыс медициналық қызметтерді қамтитын болады.