Анықтама қызметі

+7 (727) 395-45-06

+7 (727) 379-41-83

Бірыңғай қалалық Call орталығы

3000-103

Жедел желісі

+7 (727) 395-45-00

Емхананың бірінші қабатында профилактикалық және әлеуметтік – психологиялық көмек көрсету бөлімі орналасқан.

Профилактика және психологиялық-әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі негізгі үш бағыт бойынша жұмыс істейді: бұл скринингтік тексерулерді жүргізу, психологиялық-әлеуметтік қызмет жұмыстары, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жұмыстар.

Қант диабеті, глаукома, онкопатология және қан айналым жүйесінің ауруларын ерте анықтау мақсатында бекітілген кестеге сәйкес, тіркелінген тұрғындардың анықталған ересек тобы скринингтік тексерулер бөлімшесінен өткізіледі.

Психологиялық-әлеуметтік қызметінде психологтар және әлеуметтік қызметкерлері көмек көрсетеді. Қоғамда пациенттерді оңалту және психологиялық түзетулер үшін, қиын жағдайға тап болған адамдардың өз күшіне сеніп, сол жағдайдан шығуына көмектесу үшін психологтар жұмыс істейді, ал әлеуметтік қызметкерлер пациенттерге әлеуметтік қолдау көрсетеді.

Бөлімшеде сонымен қатар, егде адамдарға және өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтын қалыптастыру негізгі тапсырмалары болып табылатын СӨС дәрігерлері жұмыс істейді.

Тұрғындарға салауатты өмір салты қағидаларын және аурулардың алдын алуды насихаттау, өзінің денсаулығына қатысты мәселелерде хабардар болуы, қоршаған жағдайларда және өз өмірін өздігінен өзгертуге дағдыландыруды оқыту мақсатында емхананың денсаулық мектептері жұмыс істейді:

  • Артериалды қан қысымы;
  • қант диабеті;
  • бронх демікпесі;
  • қарт адамдар;
  • мінез-құлық факторы;
  • отбасын жоспарлау;
  • болашақ аналар.

Профилактикалық және әлеуметтік – психологиялық көмек көрсету бөлімі емхананың бірінші қабатында орналасқан.


Табиля Жанпейсқызы жүзеге асырады

Бөлімшенің басшылық қызметін жоғары білікті санаттағы дәрігер, Денсаулық сақтау ісінің үздігі Уразбекова