Анықтама қызметі

+7 (727) 395-45-06

+7 (727) 379-41-83

Бірыңғай қалалық Call орталығы

3000-103

Жедел желісі

+7 (727) 395-45-00

Әйелдер кеңесі бөлімшесі репродуктивті денсаулықты сақтау және отбасын жоспарлау, гинекологиялық ауруларды емдеу, алдын алу бойынша қызметтер ұсыну үшін акушерлік – гинекологиялық көмек көрсетеді.

Көрсетілетін медициналық қызметтің түрлері:

  • гинекологтің кеңесі;
  • физиологиялық босанғаннан кейінгі кезеңді жүргізу;
  • жүкті әйелдерді үйде бақылау;
  • гинекологиялық ауруларды жүргізу;
  • ЖІС алу және жүргізу (жатырішілік спираль);
  • жатыр мойны патологиясын емдеу;
  • гормоналдық бұзылушылықтарды емдеу (етеккір циклының бұзылуы және т.б.);
  • жыныс жолдары арқылы берілетін ауруларды тексеру және емдеу;
  • гинекологиялық аурулардың диагностикасы үшін заманауи зертханалық тексерулердің толық спектрі;
  • контрацепция таңдау (нақты медициналық тексерілуден кейін сіз үшін жеке контрацепциялық құралдар таңдалынады);
  • шарананы ультрадыбыстық зерттеу (акушерлік УДЗ);
  • шарана допплерографиясы;
  • кіші жамбас мүшелеріне ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) (гинекологиялық);
  • дәрі – дәрмекпен түсік жасау;

Отбасын жоспарлау кабинеті – отбасын жоспарлау бойынша барлық сұрақтарыңызға жауап беріп, заманауи контрацептивті құралдарды, фертилді жастағы әйелдердің бедеулігін тіркеу және жүргізу бойынша жұмыстар атқарады.

Әйелдер кеңесі бөлімі емханамыздың үшінші қабатында орналасқан.


Бөлімшеде басшылық қызметті жоғары білікті санаттағы дәрігер, Денсаулық сақтау ісінің үздігі Қажыбекова Гүлнара Амангелдіқызы жүзеге асырады.