Емханаға тіркелу қағидалары

Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидалары «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі 45-бабының 4-1-тармағына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді.

2. Осы Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының азаматтарын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінкөрсететін алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына (бұдан әрі – МСАК) бекіту тәртібін айқындайды.

3. Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту – Кодекстің 34-бабындакөрсетілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету бойынша МСАК ұйымдарының міндеттемелерін тіркеу.
4. МСАК көрсететін медициналық ұйымдарға нақты бекітілген халықтың саны, аумақтық қызмет көрсету учаскелері, учаскелік қызметтің (жалпы практика қызметі) дәрігерлері мен орта медицина персоналы туралы ақпаратты «Бекітілген халық тіркелімі» порталының дерекқорында медициналық ұйымдардың басшылары айқындайтын жауапты медицина қызметкері қалыптастырады.
Бекітілген халық тіркелімнен МСАК ұйымдарының бөлінісінде бекітілген халықтың саны туралы ақпарат Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша қызмет берушілерді таңдау қағидаларының талаптарына сәйкес келетін МСАК ұйымдары арасында ТМККК орналастыру және Кодекстің 34-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалатын тәртіпте оның шығындарды өтеу үшін негіз болып табылады.

2. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымына азаматтарды бекіту тәртібі

5. МСАК ұйымдарына азаматтарды бекіту медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы бойынша басқа әкімшілік-аумақтық бірлікте орналасқан жақын жердегі МСАК ұйымына бекітілетін шекаралас аумақтарда тұратын азаматтарды қоспағанда, тұрақты немесе уақытша тұрғылықты, жұмыс істейтін, оқитын жері бойынша бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде дәрігерді, медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы негізінде жүзеге асырылады.

6. Азамат МСАК ұйымының біреуіне ғана бекітіледі.
7. Медициналық ұйымға бекітілу талоны азаматтың МСАК ұйымына бекітілгені туралы куәландыратын құжат болып табылады. Бекітілу талонын медициналық ұйымның медициналық тіркеушісі береді.

8. МСАК ұйымына бекіту еркін нысандағы өтініш пен жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлігі, паспорт, туу туралы куәлік, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген өзге де құжат) негізінде МСАК ұйымының жұмыс кестесіне сәйкес кез келген күнтізбелік уақытта жүзеге асырылады.

9. МСАК ұйымы бекітуді азаматтар өзі жүгінген кезде жүзеге асырады.
Отбасының әрбір мүшесінің жеке басын куәландыратын құжаттарын көрсеткен кезде отбасы мүшелерінің біреуінің жазбаша келісімі болған кезде еркін нысандағы өтінішінің негізінде отбасы мүшелерін бекітуге жол беріледі.

10 Адамдарды бекіту МСАК ұйымдарында олардың тікелей немесе жазбаша жүгінуі бойынша сонымен қатар «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жеке куәлігі болған кезде жүзеге асырылады.

Он сегіз жасқа толмаған адамдарды бекіту, бекітілетін адамның және оның заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат болған кезде оның заңды өкілдерінің еркін нысандағы өтінішінің негізінде жүзеге асырылады.


11. МСАК ұйымдарына азаматтарды бекітуді өзгерту:

  • тұрақты немесе уақытша тұрғылықты, жұмыс істейтін және оқитын жері әкімшілік-аумақтық бірлік шегінен тыс жерге өзгерген кезде;

  • МСАК ұйымы қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайларда;

  • азамат дәрігер мен медициналық ұйымды жылына бір реттен жиі емес еркін таңдаған кезде;

  • жыл сайын 15 қыркүйектен бастап 15 қараша аралығында халықты МСАК ұйымдарына бекіту науқаны кезеңінде (бұдан әрі – Науқан) жүзеге асырылады.
    12. Азаматтар тікелей жүгінген кезде оларды МСАК ұйымдарына бекіткен кезде бұрын бекітілген МСАК ұйымдарынан есептен шығару «Бекітілген халық тіркелімі» порталының дерекқоры арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады.

  • МСАК ұйымдарына «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық форматта бекітілген кезде бұрын бекітілген МСАК ұйымдарынан есептен шығару автоматты түрде жүзеге асырылады.

13. Кодекстің 34-бабында көрсетілген адамдар МСАК ұйымына бекітуді еркін таңдау кезінде оларға осы ұйым мамандарының үйде қызмет көрсету мүмкіндігі алдын ала келісіледі және бекіту анықтамасында (талонында) көрсетіледі.
14. Науқан кезеңіне ТМККК шеңберінде бекітілген халыққа жаңа әлеуетті қызметті берушілердің қызметті көрсету алдағы жылға ТМККК көрсетуге шарт жасасқан кезде қызметті берушіні таңдау жөніндегі комиссияның шешімі бойынша алдағы жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылады.
Кодекстің 34-бабында көрсетілген жаңа әлеуетті қызметті берушілерге бекітуге ниет білдірген адамдар осы уақытқа дейін ағымдағы жылы бекітілген ТМККК шеңберінде МСАК ұйымдарында медициналық көмек алады.

15. ТМККК шеңберінде МСАК көрсететін жекеше медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғаларға бекіту осы Қағидаларға сәйкес МСАК ұйымдарына бекітумен бірдей жүзеге асырылады.