Анықтама қызметі

+7 (727) 395-45-06

+7 (727) 379-41-83

Бірыңғай қалалық Call орталығы

3000-103

Жедел желісі

+7 (727) 395-45-00

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV Кодексі

92-бап. Пациенттердің міндеттері

1. Пациент осы Кодекстің 90-бабында көрсетілген міндеттерден басқа:

  1. өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға шаралар қолдануға;
  2. медицина қызметкерлерімен қатынаста сыйластық пен сабырлылық көрсетуге;
  3. диагноз қою және ауруды емдеу үшін қажетті бүкіл ақпаратты дәрігерге хабарлауға, медициналық араласуға келісім бергеннен кейін емдеуші дәрігердің барлық нұсқамаларын мүлтіксіз орындауға;
  4. медициналық ұйымның ішкі тәртібінің қағидаларын сақтауға және мүлкіне ұқыпты қарауға, медициналық көмек алу кезінде медицина персоналымен ынтамақтастықта болуға;
  5. диагностика мен емдеу процесінде, сондай-ақ айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар не оларға күдік пайда болған жағдайларда, өз денсаулығы жай-күйінің өзгерісі туралы медицина қызметкерлерін уақтылы хабардар етуге;
  6. басқа пациенттердің құқықтарын бұзатын іс-әрекеттер жасамауға;
  7. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға;
  8. медициналық ұйыммен жасалған шартқа сәйкес амбулаториялық деңгейде медициналық және дәрілік көмек алу кезінде тағайындалған барлық нұсқамаларды орындауға міндетті.

2. Осы баптың 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көрсетілген пациенттердің міндеттері науқас балаға стационарда күтім жасауды тікелей жүзеге асыратын ата-анасына немесе өзге де адамдарға қолданылады.