Педиатриялық көмек бөлімшесінде кәсіби педиатр дәрігерлері бала жастағы пациенттерді тексеру бойынша жалпы тәжірибелік дәрігерлерге кеңестік-әдістемелік көмектер көрсетеді.

Бұдан басқа бөлімшеде келесі медициналық қызмет түрлері көрсетіледі:

  • Үйде және емхана қабылдауында балаларға білікті педиатриялық көмек көрсету;
  • Балаларға профилактикалық екпелерді жүргізу (профилактикалық екпе күнтізбесіне сәйкес);
  • Декреттелген жастағы балаларды профилактикалық тексеру және ауру анықталған балаларды сауықтыру және «Д» есебіне алу;
  • Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі бойынша балаларды медициналық көмекпен қамтамасыз ету;
  • Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы қала стационарларына жатқызуға жолдау және рәсімдеу;
  • Мүгедек балаларды еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасына жіберу;
  • Салауатты өмір салты мәселелері бойынша балалар арасында санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізу;

Бөлімшеде балаларға кіші жасынан дұрыс тамақтану, тәрбиелеу мәселелері бойынша барлық аналарды оқытуға арналған дені сау бала кабинеті жұмыс істейді.

View the embedded image gallery online at:
http://gorp3.kz/statisticheskij-otdel#sigProIdd95ee9b069

Жетпісова Айсұлу Мәуліқызы

Бөлімшенің басшылық қызметін жоғары білікті санаттағы дәрігер, Денсаулық сақтау ісінің үздігі Жетпісова Айсұлу Мәуліқызы жүзеге асырады.