Күндізгі стационар – бұл үй жағдайында жасауға мүмкін емес ем-шараларды дәрігердің тәулік бойы медициналық бақылауын қажет етпей-ақ, пациенттерге жүргізілетін емдеу түрі. Күндізгі стационарда пациенттер тек емдеу үшін қажетті уақыттың бір бөлігін өткізеді, ал үйде немесе жұмыста белсенді өмір сүруді жалғастырады.

Күндізгі стационарда келесіндей аурулармен науқастарға медициналық көмектер көрсетіледі:

  • жүрек – қан тамырлар жүйесі аурулары: стенокардия, артериалды гипертензия, жүрек жетіспеушілігі, миокард инфарктысынан кейін;
  • буын тамыр аурулары: буынның варикозды аурулары, созылмалы веноздық жетіспеушілік;
  • тыныс алу мүшелерінің аурулары: бронхит және пневмония.
  • асқазан-ішек тракті патологиялары: асқазан жарасы, холецистит;
  • нерв жүйесі аурулары: орталық және перифериялық жүйке жүйесінің бұзылуы, созылмалы бас миының ишемиялық ауруы, бассүйек ми жарақаты, полинейропатия, неврит, радикулит;
  • ревматологиялық аурулар: остеоартрит, полиартрит;
  • қант диабеті және оның асқынуларымен;
  • бүйрек және зәр шығару жүйесі аурулары;
  • аллергиялық жағдайларды емдеуге бағытталған көмек көрсетіледі, алкогольді интоксикация кезіндегі инфузионды терапия жүргізіледі.

Ем алушы барлық пациенттер тәжірибелі дәрігердің және қамқор мейірбикелердің бақылауында болады.

Емханамыздың күндізгі стационарында көрсетілетін медициналық қызметтер:

  • Медикаментозды терапия курсы: тамыр ішіне және тамыр ішіне тамшылатып дәрі құю;
  • Күндізгі стационар емхананың үшінші қабатында орналасқан.

Жұмыс кестесі: дс .- жм. 08.00-20.00

Қосымша ақпараттар бойынша сіздер мына телефон арқылы 395-45-06 ішкі 135 хабарласуларыңызға болады.

View the embedded image gallery online at:
http://gorp3.kz/stomach#sigProIde03f6b6b1f