 
2025 жылғы 17 қазан күні, сағат 12:00-ден 16:00-ге дейін №3 қалалық емханада сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтауға арналған ашық есік күні өтеді.
Қабылдауды келесі мамандар жүргізеді:
 — онколог — 313 кабинет, 3 қабат
 — маммолог — 317 кабинет, 3 қабат
 — гинеколог — 318 кабинет, 3 қабат
Іс-шара «Қызғылт қазан» айлығы аясында өткізіледі. Бұл айлық Дүниежүзілік сүт безі қатерлі ісігіне қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған.
Мақсаты — қатерлі ісікті ерте анықтау, қауіпті факторлар туралы хабардар ету және аурудың алдын алу.
№3 қалалық емхана сіздерді күтеді!
