Instagram   Facebook   TikTok

ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

 
Директор

Молдагасимова
Айзат Балтагуловна

Блог директора
Картограмма коррупции
КАРТОГРАММА
КОРРУПЦИИ

Алматыда Денсаулық сақтау министріне суицидтің алдын алу жөніндегі бірегей орталық таныстырылды

Бүгін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимовтың қатысуымен күрделі жөндеуден кейін мегаполистегі ең заманауи нысандардың біріне айналған №3 қалалық емхананы аралады.

Емхана инновациялар мен цифрлық технологияларды белсенді енгізіп, дәстүрлі тәжірибені жаңа тәсілдермен ұштастырып келеді. Мұнда дәрігерге жазылу және ақпарат алу үшін виртуалды ассистент пен дауыс арқылы жұмыс істейтін жасанды интеллект көмекшісі, «Онлайн-доктор» сервисі арқылы онлайн-консультациялар, денсаулықты өздігінен бақылауға арналған «ПУЗ» чат-боты қолданыста. Сонымен қатар емханада дәрігерлер мен мейірбикелер күн сайын шұғыл көмек көрсету дағдыларын пысықтайтын Симуляциялық орталық, «Қант диабеті мектебі» бар эндокринологиялық орталық және цифрлық мониторинг жүйесі жұмыс істейді. Жаңа зертханалық жабдықтың арқасында диагностика айтарлықтай жеделдеді – егер бұрын кейбір нәтижелерге бір сағатқа дейін уақыт кетсе, қазір небәрі үш минутта дайын болады.

Министрдің ерекше назарын республика бойынша тұңғыш болып құрылған мектеп оқушылары арасындағы суицидтің алдын алу жөніндегі Психологиялық орталық аударды. Ол ЮНИСЕФ-пен серіктестікте ашылып, балалар мен жасөспірімдерді қолдау жүйесіндегі маңызды буынға айналды. Орталық тек дағдарыс жағдайында ғана көмек көрсетіп қоймай, ата-аналар мен ұстаздарды тарта отырып, психикалық денсаулыққа қамқорлық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Сапар барысында сондай-ақ қалалық медицинаның тиімділігін арттыруға бағытталған Almaty Digital Medical Center (ADMC) жобасы мен оның роботтандырылған шешімдері таныстырылды.

Ақмарал Әлназарова №3 қалалық емхана тәжірибесі цифрландыру мен жаңа тәсілдердің халық үшін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын едәуір арттыра алатынын айқын көрсетіп отырғанын атап өтті.

 

 

 

Полезные ресурсы

Президент РК

Официальный сайт Президента Республики Казахстан

Фонд медстрахования

Фонд социального медицинского страхования

Госуслуги онлайн

Государственные услуги и информация онлайн

Минздрав РК

Министерство здравоохранения РК

УОЗ Алматы

Управление общественного здоровья города Алматы