Поздравляем с профессиональным праздником! Желаем крепкого здоровья, терпения, добра и успехов.
Этот день — яркий символ мира, согласия и понимания в нашей стране.
Проведено мероприятие, посвящённое национальной культуре и обычаям казахского народа.
Көрісу күні — день примирения, уважения и добрых пожеланий друг другу на весь год.
№3 қалалық емхана – Алматы қаласындағы ең ірі әрі ең көне амбулаториялық-емханалық мекемелердің бірі. Оның тарихы 90 жылдан асады. Емхана 1934 жылы құрылған, ал қазіргі ғимарат 1985 жылы салынған. Бүгінде емхана Алмалы және Бостандық аудандарының 70 мың тұрғынына қызмет көрсетеді, олардың 65%-дан астамы – егде жастағы азаматтар.
Өзінің бай тарихына қарамастан, емхана жұмысында заманауи технологиялар мен инновацияларды белсенді түрде енгізіп, ұрпақтар тәжірибесі мен жаңа мүмкіндіктерді үйлестіре отырып қызмет көрсетуде. Атап айтқанда:
-дәрігерге жазылу және ақпарат алу үшін виртуалды ассистент пен дауыс арқылы жұмыс істейтін жасанды интеллект көмекшісі;
-денсаулықты өз бетінше бақылауға арналған «АББ» чат-боты;
-«Онлайн доктор» онлайн-консультация орталығы;
-суицидтің алдын алу бойынша психологиялық орталық;
-кеңес беру және медиация қызметі;
-медицина қызметкерлеріне күнделікті оқу өткізуге арналған симуляциялық орталық;
-«Қант диабеті мектебі» мен цифрлық мониторингі бар эндокринологиялық орталық;
-зертханалық нәтижелерді бір сағаттан 3 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік беретін жеті жаңа зертханалық құрал-жабдық сатып алынды.
Қазіргі таңда емханада 500 қызметкер еңбек етуде. Олар 12 бөлімде, оның ішінде клиникалық-диагностикалық және мамандандырылған бөлімдерде медициналық көмек көрсетеді. Емхана құрамында 104 дәрігер бар, олардың 40-ы – арнайы бейінді мамандар.