Молдагасимова Айзат Балтағұловна
Молдагасимова
Айзат Балтағұловна
Директор

Білімі, мамандығы, лицензиялары

  • Алматы мемлекеттік медицина институты (1995) – мамандығы «Дәрігер-гигиенист», «Жоғары санатты дәрігер»
  • Д.А. Қонаев атындағы Гуманитарлық институт (1999) – мамандығы «Заңгер»
  • «А» корпусының мемлекеттік қызметшілер резервінде болды (2013–2015 жж.)

Еңбек өтілі

  • 2021 жылғы шілдеден бастап – Алматы қаласы №3 Қалалық емхананың директоры
  • 2020 – 2021 жж. – Алматы қаласы №27 Қалалық емхананың бас дәрігері
  • 2020 ж. – Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ұлттық орталығының басшысы
  • 2019 – 2020 жж. – Алматы қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы
  • 2017 – 2019 жж. – Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы
  • 2016 – 2017 жж. – «Электроремонт» ЖШС қоғаммен байланыс жөніндегі директордың орынбасары
  • 2014 – 2016 жж. – ҚР ДСӘДМ Жоғары қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің проректоры
  • 2013 – 2014 жж. – ҚР ДСМ Стратегиялық даму департаменті директорының орынбасары
  • 2012 – 2013 жж. – Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау департаментінің директоры
  • 2009 – 2012 жж. – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті директорының орынбасары
  • 2008 – 2009 жж. – ҚР ДСМ Кадрлар, мемлекеттік сатып алулар және мемлекеттік құпиялар департаментінің директоры
  • 2007 – 2008 жж. – ҚР ДСМ Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті директорының орынбасары
  • 2005 – 2006 жж. – Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының бастығы
  • 2004 – 2005 жж. – ҚР ДСМ Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті басқармасының бастығы
  • 2002 – 2004 жж. – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас маманы
  • 1995 – 2001 жж. – Алматы қаласы Кеңес аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциясының ОКГ санитариялық дәрігері

Мемлекеттік және халықаралық наградалар

  • «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі
  • «ҚР денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін» медалі
  • «ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі» атағы