ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ кодексі.

135-бап. ПАЦИЕНТТЕРДІҢ МІНДЕТТЕРІ

  • Осы Кодекстің 12-тарауында көрсетілген міндеттерден басқа, пациент:
  • денсаулықты сақтау және нығайту үшін шаралар қабылдау;
  • медицина қызметкерлерімен қарым-қатынаста құрмет пен әдептілік таныту;
  • ауруды диагностикалау және емдеу үшін қажетті барлық ақпаратты дәрігерге хабарлау; медициналық араласуға келісім бергеннен кейін медицина қызметкерлерінің тағайындауларын мүлтіксіз орындау;
  • ішкі тәртіп ережелерін сақтау және медициналық ұйымның мүлкіне ұқыпты қарау, медициналық көмек алу кезінде медициналық қызметкерлермен ынтымақтасу;
  • диагностика және емдеу процесінде, сондай-ақ айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар туындаған не оларға күдік туындаған жағдайларда медицина қызметкерлерін өз денсаулығының жай-күйінің өзгергені туралы уақтылы хабардар ету;
  • басқа пациенттердің құқықтарын бұзатын әрекеттер жасамау;
  • Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындау.
    Осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген пациенттердің міндеттері науқас баланы стационарда күтуді тікелей жүзеге асыратын ата-аналарға немесе өзге де адамдарға қолданылады.