КОМПЛАЕНС-ОФИЦЕР БЕТІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗ!

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ДСБ «№3 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ» ШЖҚ КМК

Комплаенс-офицер емхана қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне мониторингті жүзеге асырады, сондай-ақ емхана ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.

Комплаенс-офицердің негізгі міндеттері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша реттеуші талаптардың және үздік халықаралық практиканың сақталуын қамтамасыз ету және емхананың корпоративішілік мәдениетін қалыптастыру болып табылады, ол арқылы барлық пациенттер, қызметкерлер арасында үздік халықаралық стандарттарға, ішкі саясатқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ашықтық, адалдық қағидаттары қамтамасыз етілетін болады.

Комплаенс-офицер өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына (1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Конституция), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ), Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасына, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және емхананың ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы Үлгілік ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Құпиялылық пен анонимділікке толық кепілдік беріледі.