Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебеңізді бірнеше жолмен тексеруге болады.

Qoldau мобильді қосымшасы 24/7. Ол үшін мәзірде "сақтандыру мәртебесін тексеру" бөлімін таңдап, ЖСН енгізу қажет. Терезеде мәртебе және алдыңғы 12 айдағы төлемдер туралы ақпарат пайда болады. Сіз қосымшаны PlayMarket және AppStore дүкендерінен жүктей аласыз.

Телеграмм-бот @saqtandyrybot. Шағын бағдарламаны іске қосу үшін сілтемені ашу керек: https://t.me/SaqtandyryBot немесе іздеу жолына атау енгізіңіз, содан кейін - "сақтандыру мәртебесін анықтау" бөлімін таңдаңыз, ЖСН енгізіңіз.

Электрондық үкімет порталы Egov.kz. ол үшін "Денсаулық сақтау" бөлімінде "медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу туралы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру" қызметін табу, "қызметке тапсырыс беру" батырмасын басу, ЖСН көрсету қажет. Нәтиже 10 минут ішінде пайда болады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми сайты. Күйді анықтау қалқымалы терезесі оң жақта орналасқан. Оны нұқып, ЖСН көрсету жеткілікті.