№3 қалалық емхананың профилактика бөлімінің дәрігері Қуандық С.Т. және медбике Аубакирова С.Х. Жұбанов атындағы музыкалық мектептің 7–10 сынып оқушыларына арналған «Қызылша (корь) және тұмаудың алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.
Іс-шара барысында оқушыларға маусымдық жұқпалы аурулардың белгілері, алдын алу жолдары мен екпенің маңызы туралы толық ақпарат берілді.