Алматы №3 қалалық емханасы Good Pharmacy Practice (GPP) – «Тиісті дәріханалық практика» халықаралық стандартына сәйкестік бойынша сертификаттаудан сәтті өтті.
Бұл стандарт дәріхана мен фармацевтикалық мамандардың жұмысына жоғары талап қояды, пациенттерді қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге кепілдік береді.
GPP стандарты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) мен Халықаралық фармацевтер федерациясы (FIP) тарапынан әзірленген. Ол дәріхана қызметіне қойылатын негізгі талаптарды қамтиды, атап айтқанда:
✔️ дәрі-дәрмекті дұрыс сақтау және босату,
✔️ сақтау шарттарын (температура, ылғалдылық) сақтау,
✔️ қызметкерлердің жоғары біліктілігі,
✔️ пациенттерге кеңес беру,
✔️ дәрілік заттардың сапасын қатаң бақылау.
Қазақстанда GPP сертификаты дәріханалық ұйымдар үшін міндетті болып табылады. Бұл сертификатты алу №3 қалалық емхана дәріханасының қатаң стандарттарға сай екенін және пациенттерге жоғары деңгейде фармацевтикалық қызмет көрсететінін растайды.

