№3 қалалық емхананың ересектер фтизиатры ПТМ колледжінде студенттерге арналған «Туберкулездің алдын алу» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Семинар барысында қатысушыларға туберкулездің белгілері, жұғу жолдары және алдын алу шаралары туралы түсіндірілді. Оқушылар мен мұғалімдерге аурудан сақтанудың маңыздылығы айтылып, профилактикалық кеңестер берілді. Семинар соңында қатысушыларға ақпараттық брошюралар таратылды.
