№3 қалалық емхана базасында тұз шахтасы жұмыс істейді.
Тұз шахтасының пайдасы:
Тыныс алу жолдарының қызметін жақсартуға көмектеседі;
Иммунитетті нығайтуға ықпал етеді;
Аллергиялық және созылмалы тыныс алу жүйесі аурулары кезінде ұсынылады;
Жалпы ағзаның сауығуына оң әсер етеді.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында дәрігердің жолдамасы бойынша қызметті тегін пайдалануға болады.