Құрметті ата-аналар! Балаларыңызды МӘМС аясында тегін аудиоскринингтен өтуге шақырамыз.

Аудиоскрининг дегеніміз не?
Аудиоскрининг – балалардың есту қабілетін тексеруге арналған қауіпсіз, ауыртпайтын және жылдам жүргізілетін тексеру. Есту қабілетіндегі бұзылыстарды ерте анықтау сөйлеу және жалпы дамудағы кідірістердің алдын алуға мүмкіндік береді.

Қалалық емхана №3 базасында аудиоскрининг жүргізуге арналған заманауи аппарат орнатылған. Тексеру білікті мамандар тарапынан жүргізіліп, бар болғаны бірнеше минут уақыт алады.

Аудиоскринингтің артықшылықтары:
• қауіпсіз және ауыртпайды;
• арнайы дайындықты қажет етпейді;
• тез әрі қолайлы түрде жүргізіледі.

Балаңыздың денсаулығына бүгіннен бастап қамқорлық жасаңыз!
Есту қабілетін уақытылы тексертіп, аудиоскринингтен өтуді ұмытпаңыз.