МӘМС аясында 50–76 жас аралығындағы ер азаматтар ми қан айналымы ауруларын ерте анықтау мақсатында мойынның брахиоцефалдық артерияларының ультрадыбыстық допплерографиялық (УДЗГ) зерттеуінен тегін өте алады.

Бүгін №3 қалалық емхананың профилактика бөлімінде скринингке келген ер азаматтар қажетті тексерулерден өтті.
Скрининг – ауруды ерте анықтап, дер кезінде ем қабылдауға мүмкіндік береді.

Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарап, МӘМС аясындағы тегін скринингтен уақытылы өтіңіз!