№3 қалалық емханасының жалпы тәжірибелік дәрігерінің қабылдауы барысында пациенттерге МӘМС туралы тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Қабылдау кезінде дәрігер пациенттен: «МӘМС жүйесі туралы білесіз бе?» – деп сұрады.
Пациенттің сұрағына жауап бере отырып, дәрігер оның МӘМС жүйесіндегі сақтандыру мәртебесін тексеріп, мәртебесіне сәйкес қандай медициналық қызметтерді тегін ала алатынын түсіндірді.
Пациентке МӘМС аясында қолжетімді:
дәрігердің консультациясы;
зертханалық және диагностикалық тексерулер;
бейінді мамандардың қабылдауы;
күндізгі және тәулік бойғы стационарлық ем;
оңалту және басқа да медициналық қызметтер туралы ақпарат берілді.
Өз мәртебеңізді уақытылы тексеріп, МӘМС жүйесінің мүмкіндіктерін тиімді пайдаланыңыз.