Біздің емханамызда созылмалы аурулардың алдын алу және оларды бақылау бойынша пациенттердің ақпараттылығын арттыруға бағытталған Денсаулық мектебінің сабақтары тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
Осы аптада СӨС дәрігері келесі тақырыпта сабақ өткізді: «Қант диабеті туралы түсінік. Қант диабетінің түрлері. Қандағы қант деңгейін бақылау».
Сабақ барысында қатысушылар:
қант диабетінің не екенін және оның қандай түрлері бар екенін;
аурудың негізгі қауіп факторлары мен белгілерін;
қандағы глюкоза деңгейін тұрақты бақылаудың маңыздылығын;
дұрыс тамақтану, дене белсенділігі және салауатты өмір салты асқынулардың алдын алуға қалай көмектесетінін білді.
Сабақ соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, ақпараттық материалдармен қамтамасыз етілді.
Денсаулық – саналы көзқарас пен дер кезінде жүргізілетін профилактикадан басталады!