Құрылтай аясында «Ашық есік күні» ұйымдастырылып, тұрғындар медициналық тексеруден өтіп, дәрігерлерден қажетті кеңестер алды. Қабылдау барысында жалпы тәжірибелік дәрігерлермен қатар бейінді мамандардың консультациясы ұйымдастырылып, тұрғындардың денсаулық жағдайына тиісті көңіл бөлінді.
Іс-шара барысында Құрылтайдың еліміздегі маңызы туралы айтылып, алдағы сайлау кезінде әр азаматтың өз таңдауын жасап, дауыс беру арқылы ел болашағына өз үлесін қосуы маңызды екені атап өтілді.