Қарттар күні қарсаңында №3 қалалық емхананың профилактика бөлімінде «Денсаулық мектебі» аясында егде жастағы азаматтарға арналған профилактикалық сабақ ұйымдастырылып, өткізілді.

Іс-шараға салауатты өмір салты бойынша дәрігер және медициналық мейіргер қатысып, егде жастағы азаматтарға салауатты өмір салтын сақтау, аурулардың алдын алу, денсаулықты тұрақты бақылау және күнделікті өмірде белсенділікті арттыру жөнінде пайдалы ақпарат берді.
Сонымен қатар дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, зиянды әдеттердің алдын алу және профилактикалық медициналық тексерулерден уақытылы өту бойынша ұсыныстар айтылды.