№3 қалалық емхана · Жаңалықтар

Қазақстанда туберкулезбен сырқаттанушылық төмендеуде

2026 жылғы ақпараттық науқан

10,6%Жаңа жағдайлардың төмендеуі
6740 → 61302025 жылғы жаңа жағдайлар
≈10%Өлім-жітімнің төмендеуі

Қазақстанда туберкулезбен сырқаттанушылық деңгейі төмендеуін жалғастыруда. 2025 жылдың қорытындысы бойынша жаңа жағдайлар саны 10,6%-ға азайып, 6740 жағдайдан 6130 жағдайға дейін төмендеді, ал өлім-жітім шамамен 10%-ға қысқарды. Бұл - жүйелі профилактикалық жұмыстың, ерте диагностиканың және емдеудің қолжетімділігінің нәтижесі.

✅24 ақпан мен 24 наурыз аралығында елімізде туберкулездің алдын алуға арналған айлық өтуде. Ол жыл сайын 24 наурызда атап өтілетін Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылады. Айлықтың мақсаты - халықтың ауру туралы хабардарлығын арттыру, алдын алу шаралары және уақтылы тексерілудің маңызын түсіндіру.

2026 жылы ақпараттық науқан «Иә! Біз туберкулезді жеңе аламыз! Қазақстанның көшбасшылығы. Инновациялар және адамдардың күші» ұранымен өтуде. Бұл мемлекет, медицина қауымдастығы және қоғам күшін біріктірудің маңыздылығын көрсетеді.

Туберкулез - туберкулез микобактериясы (Кох таяқшасы) қоздыратын жұқпалы ауру.