"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Заңының 148 – бабына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорында тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) ұсынысы бойынша кәсіпорын қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыратын басқару органы-Байқау кеңесі құрылуы мүмкін.
Байқау кеңесінің уәкілетті органы – Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалауды жүзеге асыратын Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы болып табылады. Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау қорытындылары бойынша уәкілетті орган Байқау кеңесі мүшелеріне сыйақы төлеу туралы шешім қабылдайды. Байқау кеңесінің Мүшелеріне сыйақы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның қаражаты есебінен төленеді.
Байқау кеңесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, ШЖҚ КМК Жарғысын, ережені және өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
"Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының 2025 жылғы 25 қыркүйектегі № 02.1-26-313нк "Алматы қаласы Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың байқау кеңестерінің мүшесі лауазымына тағайындау туралы" бұйрығына ШЖҚ КМК Байқау кеңесінің мүшелері «№3 қалалық емхана" Алматы қ. ДСБ тағайындалды:
1. Жаканова Лейла Каеркеновна
2. Файзулина Камила Мухаметкалиевна
3. Сапиева Жанар Адилхановна
4. Куракбаев Куралбай;
