1 наурыз Алғыс айту күніне орай 3 қалалық емхана арнайы акция ұйымдастырды. Акцияның мақсаты – дәрігерлеріміздің кәсіби жұмысына алғыс білдіру және адамдар арасында ризашылық сезімін арттыру.
Акция барысында бекітілген тұрғындар дәрігердің қабылдауында болған кезде арнайы дайындалған алғыс сөздерін қораптан оқып берді. Бұл сәтте әрбір пациент өз алғысын білдіріп, дәрігерлердің еңбегін бағалай алды.
Баршаңызды осы ерекше күнге белсене қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!