2025 жылғы 5 тамызда сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін поликлиника ғимаратында электр энергиясы өшіріледі. Электр қуатының өшірілуі электр қосалқы станциясында жүргізілетін ағымдағы жөндеу жұмыстарына байланысты. Бұл өшірулер «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ ресми сайтында жарияланған жоспарлы өшіру кестесіне сәйкес Шевченко, Радостовца, Жамбыл, Розыбакиев көшелеріндегі мекенжайлар бойынша жүргізіледі.
Осы уақыт аралығында:
- Барлық дәрігерлік қабылдаулар, соның ішінде зертханалық талдаулар алу, тоқтатылады және жақын күндерге ауыстырылады;
- АЛО бойынша дәрі-дәрмек беретін дәріхана, тіркеу бөлімі, сондай-ақ қалалық және ішкі телефондар электр энергиясы болмауына және байланыс желісінің ажыратылуына байланысты жұмыс істемейді;
- Шұғыл көмек кабинеті мен фильтр тек шұғыл жағдайда келген науқастарға қызмет көрсетеді, жолдамалар мен рецептер жазылмайды;
- Компьютерлер мен ақпараттық жүйе жұмыс істемейді, сондықтан қабылдауға келсеңіз де, тағайындауларды ресімдеу және құжаттар беру мүмкін болмайды.
Осы ақпаратты ескеріп, емханаға келуіңізді алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз. Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!
Емхана әкімшілігі