Кәсіби шеберлігімен ерекшеленген дәрігер-физиотерапевт, реабилитолог Мұқатаева Дина Ғасырбекқызы республикалық деңгейдегі байқауда жоғары нәтижеге қол жеткізді.
Дина Ғасырбекқызы Казань қаласында (Ресей Федерациясы) реабилитация саласы бойынша кәсіби білім алып, өз біліктілігін үнемі жетілдіріп келеді. Ұсынған жобалары мен тәжірибелік жұмыстары медициналық қауымдастық тарапынан жоғары бағаланып, республикалық байқауда үздік деп танылды.
Осы жетістіктерінің нәтижесінде ол Астана қаласында өткен "Ең үздік маман" атты республикалық кәсіби байқауда I дәрежелі дипломмен және республикалық орденмен марапатталды????
Дина Ғасырбекқызы ұжым арасындағы беделі жоғары, науқастар арасында абыройға ие білікті маман ретінде — емханамыздың мақтанышы.Көпжылдық тәжірибе мен үздіксіз білімінің арқасында науқастарға сапалы әрі тиімді оңалту қызметін көрсетіп келеді.