ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

 

Бүгін 3 қалалық емханада сүт безі қатерлі ісігіне қарсы күрес айлығы аясында Ашық есік күні өтті.
Іс-шара Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында ұйымдастырылып, әйелдер қауымына тегін медициналық кеңес беру жүргізілді.
Іс-шараға онколог мамандар, маммологтар, акушер-гинекологтар және
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің №1 жалпы дәрігерлік практика кафедрасының оқытушысы Исаева Қорлан Құдайбергенқызы
ЖТД 19-032 топ дәрігер-интерндерімен бірге белсене қатысты.
Мақсатымыз — аурудың алдын алу, ерте анықтау және әрбір әйелдің өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру.
Келушілер дәрігерлерден маңызды ақпарат алып, профилактикалық тексерулерден өту мүмкіндігіне ие болды.
Денсаулығыңыз – өз қолыңызда!
Уақтылы тексеріліңіз, алдын алыңыз!