Күннің басында қызметкерлер ұлттық құндылықтарды насихаттауға және корпоративтік рухты нығайтуға бағытталған патриоттық флешмобқа қатысып, би нөмірін орындады.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын салтанатты түрде орындаумен жалғасты. Бұл еліміздің мемлекеттік рәміздеріне құрмет пен мерекенің маңыздылығын айқын көрсетті.
Бағдарлама аясында қазақ халқының мәдени мұрасын және ұлттық болмысын бейнелейтін домбырамен күй орындалды.
Мерекелік іс-шараның қорытындысында медицина саласының дамуына қосқан үлесі үшін емхана қызметкерлері салтанатты түрде марапатталды.
Баршаңызды Республика күнімен құттықтаймыз! Елімізге өркендеу, халқымызға татулық, әр шаңыраққа бейбітшілік пен береке тілейміз.
